Жамбыл облысында мемлекетті алдау әрекеті IP-адрес арқылы әшкереленді

Көркем Алдабергенова 11 апр. 2025 13:02 937

Жамбыл облысында антимонополиялық заңнаманы бұзған кәсіпорын анықталып, айыппұл салынды және монополиялық жолмен алынған табыстан айырылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы өңірлік соттардың біріккен баспасөз қызметі хабарлады. Істі Мойынқұм аудандық соты қараған.

Сот материалдарына сәйкес, екі кәсіпорын мемлекеттік сатып алуға қатысып, лоттарды өзара бөлісу туралы келісіп, бір IP-адрестен өтінім жолдаған. Бұл жағдай антимонополиялық органның тексерісі нәтижесінде дәлелденген және әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамада нақты көрсетілген.

Сот процесіне қатысқан компания өкілдерінің бірі өз кінәсін толығымен мойындады. Кәсіпкерлерге айыппұлдың тек 70 пайызын төлеуге рұқсат етілді, бұл шамамен 418 мың теңгені құрады.

Антимонополиялық іс-әрекеттердің нәтижесінде алынған 2,4 миллион теңге көлеміндегі табыс мемлекет пайдасына тәркіленді.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.


Рекомендовать
Последние новости