Оңтүстікте бұрынғы футболшы есірткімен ұсталды

Сағыныш Сардарова 10 апр. 2025 14:57 703

Полиция бұрынғы футболшыны ұстады, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Полиция мәліметінше, 1,5 келі а-PVP синтетикасымен Орталық Африка азаматы ұсталған. Ол есірткіні Telegram арқылы сатқан.

"Күдікті Қазақстанға 2020 жылы табыс табу мақсатында келген. Оның жергілікті футбол командаларының бірінде ойнағаны анықталды", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар, Ақмола облысында 45 жастағы ер адам ұсталды. Оның жол сөмкесінен шамамен 2 келі гашиш табылды.

Ол бұрын отандық сериалдардың бірінде қылмыстық топ басшысы ретінде рөл сомдаған.

"Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының міндетін атқарушы Данияр Мейірхан.


Рекомендовать
Последние новости