«Жағдайы бар ата-ана баласын неге жекеменшік мектепке береді?»: Журналист оқу-ағарту министрлігін сынға алды

Dalanews 12 сент. 2023 04:45 968

Журналист Ерболат Мұхамеджан Фейсбуктегі парақшасында көп ауысымды мектептер мәселесін шеше алмаған шенділерге шүйлікті.

«Мемлекеттік мектептердегі мәселелерді шеше алмай жатып, баланың киімін әңгіме қылу біздің деңгейімізді көрсетеді. Егер, біз мектептердегі білімнің сапасын, оқулықтардағы өрескел қателіктерді, мұғалімдердің деңгейін, сонымен қатар ең маңыздысы 2-3 ауысымды мектептердің көп екенін талқыласақ қоғамымыздың дамуының белгісін байқауға болар еді.

Мысалы, жақында Көкшетаудағы 2 ауысымды мектептегі жағдай біразын ойландырып тастады. Ал, біздің министрлік пен әкімдік не істеді, директорды кінәлі қылып шығарды.


Не ол директорды министрлік қорғамады, не кәсіподақ қорғамады», – деп жазды ол желіде.
Журналистің сөзінше, барлық 2 ауысымды мектептерде осындай жағдай.

«Қазіргі таңда жағдайы бар көп ата-ананың балаларын жекеменшік мектепке беруі министрлікті неге ойландырмайтыны қызық… Оларда жүйелі шешім де жоқ, министрдің деңгейі баяғыдан түсінікті еді. Тіпті ашық сұхбатқа шыға алмайды, осы сұрақ бойынша, себебі айтар сөзі жоқ. Оған ең бастысы балалардың киімін ақпараттық дауға айналдырып жіберсе болды. Бұлай ойнауға болмайды, арты жақсылыққа апармайды. Егер мемлекеттік мектеп өзін түрме, ал ішіндегі адамдар өздерін надзирательдер сияқты ұстаса жекеменшік мектептерге деген сұраныс арта береді. Ал біздің министрлік уақытын жоғалтып жатыр… Ұят!», – дейді Ерболат Мұхамеджан.

Рекомендовать
Последние новости