Жағаұстатар қылмыс: Алматы облысында ер адам туған қызын пышақтап өлтірген

Сағыныш Сардарова 25 нояб. 2025 17:22

Алматы облысында ер адам туған қызын пышақтап өлтірген, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оқиға 10 қарашада Талғар ауданы Тұздыбастау ауылында болған. 

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, ас бөлмесінде екеуінің арасында жанжал басталып, мас күйдегі ер адам пышақ алып, қызға 16 рет соққы жасаған. Сондай-ақ, бетіне пышақ жарақатын салғаны айтылады.

Қыз алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған. Жағаұстатар оқиға кезінде үйде басқа ешкім болмаған.

Полиция күдіктіні ұстап, қамауға алған.


Рекомендовать
Последние новости