Жетісу облысында күйеуі атпен сүйреп өлтірді делінген әйелді мәйіті қайта қазылып алынды

Көркем Алдабергенова 25 нояб. 2025 17:15

Жетісу облысында күйеуі атпен сүйреп өлтірді деп айыпталған 32 жастағы Айзат Жұмановаға қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы 27 қарашада басталатыны белгілі болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қайғылы оқиға 2025 жылдың шілдесінде Баласаз ауылында тіркелген. Марқұмның туысы Раушан Дәуренбекованың сөзінше, істің жай-жапсарын анықтау мақсатында Айзат Жұманованың денесі эксгумацияланып, қайта сараптама жүргізілген. Бұл сараптама күдіктіге тағылған айыпты ауырлатуға негіз болыпты.

Бастапқыда іс Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі – денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіріп, абайсызда адам өліміне әкеп соғу бойынша тергелген. Алайда марқұмның жақындары алғашқы сараптама қорытындысына сенбей, қайта тексеруді талап еткен.

Олардың айтуынша:

«Мәйітті қайта қазып, эксгумация жасауға өтініш бердік. Талдықорғанда жасалған сараптамаға көңіліміз толмады. Алматыда қайта тексердік. 58 күндік сараптамадан кейін іс ‘аса қатыгездікпен кісі өлтіру’ бабына (ҚК 99-бап, 3-бөлік) қайта сараланды», – дейді туыстары.

Айзат Жұманованың жақындары ендігі үміт – істің әділ қаралуында екенін жеткізді.


Рекомендовать
Последние новости