АҚШ билігі Иранда өтіп жатқан наразылық акцияларын бақылап, әрекет ету жолдарын қарастырып жатыр. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Әскери құрылымдар бұл жағдайды зерттеп жатыр. Біз өте маңызды бірнеше нұсқаны қарастырып отырмыз. Шешім қабылдаймыз", - деді Трамп журналистерге.
"Иран АҚШ-тың әскери базаларына шабуыл жасаса, Вашингтон қандай жауап қайтарады?" деген сұраққа Трамп былай жауап берген:
"Олар бұрын-соңды бастан кешірмеген ауқымдағы соққыға тап болады".
Сонымен қатар, Трамп әкімшілігі Иранда спутник интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселесін миллиардер Илон Маскпен талқылайтынын айтты. Сөз Starlink жүйесі арқылы интернет тарату мүмкіндігі туралы болып отыр.
