Екібастұздағы жантүршігерлік қылмыс: зардап шеккен әйелдің жағдайы белгілі болды

Сағыныш Сардарова 12 янв. 2026 11:47

Екібастұзда пышақ жарақатынан зардап шеккен әйелдің жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Науқас жансақтау бөлімінен травматология бөліміне ауыстырылған. Ол 9 қаңтарда пышақ жарақаттарымен Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізіліп, шұғыл түрде жансақтау бөліміне жатқызылған еді.

"Оған толық медициналық көмек көрсетілді. 11 қаңтардағы жағдай бойынша науқастың жағдайы тұрақты, есін жиды, өздігінен тыныс алып жатыр", - деді дәрігерлер.

Еске салайық, бұған дейін Екібастұзда тұрмыстық жанжал өліммен аяқталғаны хабарланды. 


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove