Екібастұзда тұрмыстық жанжал өліммен аяқталды: күдікті қамалды

Самал Асқар 10 қаң. 2026 12:04

Екібастұзда тұрмыстық жанжал кезінде адам өлтірді деген күдікпен әйел ұсталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Полицияға қаладағы пәтерлердің бірінде болған оқиға туралы хабар түскен. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары жанжал барысында, болжам бойынша, мас күйде болған азаматқа бірнеше пышақ жарақаты салынғанын анықтаған. Ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.

Сондай-ақ тағы бір әйел пышақ жарақатын алып, медициналық мекемеге жеткізілді.

Күдікті «ізін суытпай» ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша кісі өлтіру және кісі өлтіруге оқталу фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар