Ізін жалғамай, импортты ығыстыру қиын

Dalanews 02 мая 2024 11:22 3305

Saryopan Operating зауыты өнімдерінің негізгі тұтынушысының бірі бұрынғы АрселорМиттал Теміртау (АМТ), қазіргі QarMet болуы керек болған. 2019 жылы мемлекеттік органдар мен АМТ арасында 2024 жылға қарай эмиссия көлемін 30 пайызға қысқарту туралы меморандум жасалған еді. Дәл сол жылы Saryopan Operating, Сarmeuse Group және АМТ арасында тағы бір меморандумға қол қойылды. АМТ-дағы әк шығаратын бөлімше жабылып, оның өнімі жаңа зауыттың өніміне ауыстырылады деп жоспарланған.

Жалпы алғанда зауыттың ашылғаны аймаққа да, елге де маңызды болған. Олай дейтініміз, зауыт іске қосылса, жаңа жұмыс орындары ашылып, инфрақұрылымның дамуына жол ашатыны белгілі. Әрі әк өзімізден шықса, импорт құны да толықтай түсер еді. Одан қала берді еліміздің ең қатты ластанған аймақтарының бірінде ашылса, бұл зауыт сол жердің экологиялық ахуалын жақсартады деп күтілген.

Жоспарды іске асыру үшін RBK банкінен 16,6 млрд теңге қарыз алынған. «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында қаржыландырылғанын да атап өту керек. Теміржол жолын сатып, электр желісін тартуға «Бизнестің жол картасы-2025» жобасы шеңберінде 3 млрд теңге бөлінген. Осылайша жобаға жалпы 30 млрд теңге инвестиция салынған.

Сондай жағымды өзгеріс күттірген бастама қазір тоқтаңқырап тұр. АМТ акционерлері ауысқан соң компаниясының позициясы да өзгерді. Жаңа басшылық бұрынғы міндеттемелер мен шетелдік инвесторлар мен мемлекеттік органдармен жасасқан келіссөздерді орындаудан бас тартап отыр. Бұдан біз шешім қабылдауға келгенде сабақтастық жоқ екенін көріп отырмыз. Сонымен бірге инвестиция тарту сияқты маңызды дүниеге келгенде мұндай позиция ұстану арқылы беделге әжептәуір нұсқан келуі мүмкін. Қалай десек те, шетелден инвестор тартып, ел имиджін жақсартуға сонша күш салынғаны бар.


Рекомендовать
Последние новости