Ісмер келіншек мемлекеттік грантпен тігін шеберханасын ашып, бір жылда 2,5 млн теңге табыс тапты

Dalanews 11 мая 2021 12:20 1006

Төлеби ауданы Тасарық ауылдық округіндегі Жамбыл ауылының тұрғыны Жанерке Есеналиева бастауыш кәсіпкерлерге арналған мемлекеттік грантты ұтып алған. Бүгінде тігін шеберханасын ашып, ісін дөңгелетіп отыр, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Ол 555 600 теңге көлеміндегі қаржыға қажетті жабдықтарын түгел сатып алған. Кәсіпкер қолдауды «Жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы» шеңберінде алып отыр.

Тігінші қазіргі таңда қыз жасауына арналған бұйымдарды дайындайды. Сонымен қатар, қомақты көлемде тапсырыстар қабылдайды. Жақында Атырау қаласындағы ауруханаға 600 дана көрпе-төсек тіккен.

Сондай-ақ, тігін шеберханасында жергілікті спорт мектептерінің арнайы киімдері тігіледі.

Шеберхана иесінің айтуынша, өткен жылғы табысы шығынды есептемегенде 2-2,5 млн теңге көлемінде болған. Осылайша тынымсыз еңбегінің арқасында жақсы табысқа кенеліп отыр.



Рекомендовать
Последние новости