Ішкі істер министрлігі атышулы вайнерлерге қатысты мәлімдеме жасады

Dalanews 13 апр. 2022 07:39 767

Қаржы пирамидасына қатысы бар деп күдікке ілінген вайнерлер Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов және Азимжан Саидбаевқа қатысты тергеу амалдары аяқталуға тәмам. Бұл жайында Ішкі істер министрлігі Тергеу басқармасының бастығы Санжар Әділов айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Оның мәлім еткеніндей, қазіргі күні үшеуі де жауапқа тартылып жатыр.

“Бұлардың біреуі шетелге қашып кетті. Біз оның жүрген жерін анықтау үстіндеміз. Қылмыстық істі тергеуді аяқтап қалдық.

Жуыр арада бұған қатысты материал процеске қатысушыларға таныстырылады, содан кейін сотқа жөнелтіледі. Тергеу кезінде күдіктілерге қатысты толық дәлелдер жиналды", - деді Әділов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Айта кетсек, вайнерлер 2021 жылдан бастап Mudarabah Capital компаниясын жарнамалай бастады.

Кейін компания қаржы пирамидасы деп танылды. 2021 жылдың қазанында Mudarabah Capital компаниясының иесі Алматыда қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікпен ұсталды. Ал Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов, Азимжан Саидбаев құрылтайшылары деп танылды.

Төребаев пен Шерниязов 1000 АЕК (3 063 000 теңге) көлемінде кепіл төлеп, соттың соңғы шешіміне дейін босатылған. 


Ал Саидбаевты қамауға алуға шешім шығарылды. Алайда ол шетелге қашып кеткен. Бүгінгі таңда халықаралық іздеу жарияланды.

Рекомендовать
Последние новости