Ырысбек Дәбейдің жаңа кітабының тұсаукесері өтеді

Dalanews 17 нояб. 2016 09:50 841

Ертең, 18 қараша, сағат 14.30-да  Алматыдағы Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасында қаламгер Ырысбек Дәбейдің "Мөлтіл" атты шығармалар жинағының тұсаукесері өтеді.

15086438_658835100951230_522040857_nБұл жинаққа енген әңгімелер кешегі қазақы өмірдің тыныс-тіршілігін және бүгінгі қоғамның кейбір сәттерін аңдатады. Ал «Қарға тамған көз жасы» атты хикаятта араға көп жыл салып туған жеріне барған кейіпкердің кіндік қаны тамған өлкеге деген сағынышы мен махаббаты баяндалады. Романтикаға толы жас өмірдің көңілден кетпес кезеңі көркем тілмен кестеленген. Оқиғасы ширақ, тілі шұрайлы шығармалар қалың көпшілік қауымға арналған.

Бұған дейін қаламгердің "Әкелеріміз айтатын әңгіме" атты эсселер жинағы жұрттың ықыласын тудырған.

 

Рекомендовать
Последние новости