Ірі инвесторға жер бермей қойған лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды

Қаракөз Амантай 23 мая 2024 15:28 3744

Жамбыл ауданында 100 жұмыс орнын ашумен 14,5 миллиард теңгеге "Гипсокартон және құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру зауытының құрылысы" ірі жобасын іске асыруды бастаған "КнауфГипсТараз" ЖШС неміс-қазақстандық өндірушісі жер учаскесін алу проблемасына тап болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі инвесторға зауыт салу және теміржолға қызмет көрсету үшін қосымша 20 гектар жер беруден заңсыз бас тартқан.

"Жамбыл ауданы прокуратурасының енгізілген қадағалау актісінің нәтижелері бойынша жер алу мәселесі оң шешіліп, жобаны іске асыру жалғастырылды", - делінген Жамбыл облысы прокуратурасының хабарламасында.


Рекомендовать
Последние новости