Ынтымақтастық мәселелері сөз болды

Dalanews 18 июл. 2017 08:52 802

Бүгін Алматы облысы әкімдігінде облыс әкімі Амандық Баталов «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Басқарма төрайымы Нұрбүбі Наурызбаевамен кездесіп, қос тарап өзара ынтымақтастық пен қарым-қатынас туралы меморандумға қол қойды.

«Ақпараттық Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жасалған меморандумда зейнетақымен қамту мемлекеттік саясатын жүзеге асыруда бірлесіп жұмыс істеудің бағыттары белгіленген.

Жиында жинақтаушы зейнетақы жүйесіне тарту бойынша халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру, зейнетақы жүйесін жаңғырту, сервистік қызмет көрсету мүмкіндіктері және басқа да мәселелер кездесуде туралы кеңінен сөз болды.

Рекомендовать
Последние новости