Instagram-ға қазақ әндері оралды

Көркем Алдабергенова 14 апр. 2025 16:00 608

Instagram-ға қазақ әндері оралды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік комитетінің төрағасы Шолпан Әбдіреева қазақстандық музыканы әлеуметтік желілерге қайтару үшін Meta мен құқықтарды ұжымдық басқару ұйымдары арасындағы келіссөздер процесі туралы хабардар етті. Оның айтуынша, Әділет министрлігі келіссөздер процесіне шарттық қатынастардың еркіндігі және оларға араласпау қағидатын ескере отырып, Meta платформасы мен құқықтарды ұжымдық басқару ұйымы арасындағы дәнекерге айналды.

«Бүгін біз Meta мен ұжымдық құқықтарды басқару ұйымы арасындағы келісімге қол қойылғанын қуана хабарлаймыз. Instagram және Facebook-те қазақстандық музыканы пайдалануды реттейтін Мета мен Қазақстан авторлар қоғамы уағдаластыққа қол жеткізді. Өткен аптада контент әлеуметтік желілерге қайта орала бастады», - деді спикер.

Бұл ретте Әділет министрлігінің өкілі мемлекеттік және кәсіби институттармен әріптестік қарым-қатынас орнатуға ұмтылысын, сондай-ақ қазақстандық авторлар мен құқық иеленушілердің мүдделерін білдіретін Қазақстан авторлар қоғамның бұл үдерісіндегі ерекше рөлін көрсеткен Мета-ның сындарлы тәсілін атап өтті.


Рекомендовать
Последние новости