Instagram арқылы 90 млн теңге заңсыз пайда тапқан елордалық 4 жылға сотталды

Кәмшат Тілеухан 24 июн. 2025 11:25

Елорда тұрғыны материалдық пайда және заңсыз жолмен баю мақсатында "Бинго" ойынын ойнатып, Instagram әлеуметтік желісінде тікелей эфир жүргізген, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Астана қалалық прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, ойын шарттарына сәйкес, тікелей эфирде бәс тігу сомалары әртүрлі ақшалай қаражатты құрап, қатысушылардың арасынан жеңімпазды анықтап, оған ұтысты телефон номері арқылы жолдаған.

"Ол қылмыстық әрекеттің нәтижесінде 90,6 млн теңге табыс тапқан.Мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсі туралы сотқа жеткілікті дәлелдемелер ұсынды.Сот үкімімен оған 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", делінген ведомство хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енді.


Рекомендовать
Последние новости