Halyk+Qazkom еліміздегі ең үлкен банкоматтар желісін қалыптастырды

Dalanews 01 авг. 2017 06:20 858

Halyk Bank пен Qazkom өз бөлшек клиенттеріне барынша ыңғайлы болу үшін жүйелері мен өнімдерін біріктіру жұмыстарын жалғастырып жатыр, – хабарлайды банкты баспасөз қызметі.

Бүгіннен бастап Halyk Bank  және Altyn Bank клиенттері үшін Qazkom cash-in функциясы бар банкоматтарынантөлем карталарын теңге және АҚШ доллары бойынша толықтыру жаңа қызметі пайда болды. Енді Halyk Bank және Altyn Bank картасын пайдаланушылар үшін төлем карталарын толықтыру сәтінде комиссиялар алынбайды. Сол сияқты Halyk Bank пен Altyn Bank клиенттері Halyk+Qazkom банкоматтар желісінде қос банктің кез келген банкоматынан өз карталық шотын толықтыруда ешқандай айырмашылық байқамайтын болатынын айта кетуіміз керек.

2017 жылғы 1 шілдеде Halyk Bank cash-in функциясы бар 559 банкомат орнатса, Qazkom қолма-қол ақша қабылдау функциясы бар 465 құрылғыны орнатты. Бүкіл Қазақстан бойынша Qazkom+Halyk бірыңғай банкоматтар желісінің құрылғылар 4659 бірлікті қамтып, еліміздегі әрбір екінші банкомат – Halyk+Qazkom желісі болып табылады.

2017 жылғы 1 шілдедегі көрсеткіштер бойынша Halyk Bank және Altyn Bank шығарған карталар саны – 6 млн төлем карталарынан асқан.

Тамыз бойы іске асырылып Halyk Bank cash-in функциясы бар банкоматтар бойынша Qazkom клиенттеріне де осындай ұсыныстардың жасалуы күтілуде.

Рекомендовать
Последние новости