Өзбектер әлемде баламасы жоқ электромобиль жасап шығарды

Dalanews 01 авг. 2017 04:23 1080

Күн көзінен энергия алатын көлік, эко-капсула, механикалық сағат тәрізді қуатталатын телефон – Өзбекстанның EXPO-2017 көрмесіне алып келген басты жаңалығы.

2030 жылға қарай Өзбекстан 70 пайыз электр энергиясынан, 30 пайыз күн көзінен қуат алатын көліктер шығаруды жоспарлап отыр.

Темір тұлпардың артқы жағы толықтай күн батареяларымен жабдықталған. 2 сағатта қуатталған көлік 800 шақырымды бағындырады. Әзірге әлемде баламасы жоқ.

Өзбекстанда жылдың 320 күні шуақты. Сондықтан іргеміздегі көршіміз күн көзін экономиканың барлық саласында тиімді пайдалануды жоспарлапты.

Осы бағыттағы тағы бір жаңалық – эко-капсула немесе шағын мейманхана.

– Азаматтардың демалып, ұйықтауына арналған эко-капсулалар алдағы 2-3 жылда вокзал, аэропорттарға орнатылмақ. Екі қабаттан тұрады. Іші әжептәуір кең. Ортопедиялық матрас, компьютер, интернет, вай-фай, теледидар, салқындатқышпен жабдықталған. Есігі тығыз жабылатындықтан, сырттағы шу естілмейді. Бір сөзбен айтқанда, жолаушыға барлық жағдай жасалған. Бағасы да қолжетімді, сондықтан мейманханаларды алмастыра алады, – дейді өзбек инженері Фирдаус Нематзода.

 

Авторлары: Гүлмайра Қуатбайқызы, Абдулла Исаев

 

Дереккөзі: khabar.kz

Рекомендовать
Последние новости