Гимнастикадан олимпиада жүлдегеріне автокөлік сыйға берілді

Қаракөз Амантай 16 авг. 2024 16:51 2088

Қазақстан тарихында алғаш рет спорттық гимнастикадан олимпиада медалін жеңіп алған Нариман Құрбановқа жаңа автокөліктің кілті табысталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

2024 жылғы Париж Олимпиадасында  күміс медаль жеңіп алған Құрбановқа Allur автомобиль компаниясы жаңа Skoda Kodiaq көлігін сыйлады.  Жеңіл атлетке көрсетілген сый-сияпат қазақстан спорт тарихына қосқан үлесі үшін көрсетіліп отыр.

Құрбанов алты жасынан бастап өз әкесінің қол астында гимнастикамен айналыса бастады. Нариманның әкесі білгілі спортшы әрі бапкер екендігін жұрт жақсы біледі. 2017 жылы Нариман тұтқалы ат үстінде бірегей элементті орындады. Нәтижесінде сол элемент ресми түрде "The Kurbanov" атымен аталды.

Автокөлікті тапсыру рәсімінде компания өкілдері  Құрбановқа көрсетіліп жатқан құрмет — еліміздің спорттық жетістіктеріне қосқан үлесі үшін білдірілген алғыс екенін атап өтті.  

"Біз Нариманды мақтан тұтамыз және алдағы жетістіктеріне де қолдау білдіретін боламыз. Осы темір тұлпар болашақтағы жаңа биік белестерге жету жолында сенімді серігі болады деп үміттенеміз", - деді Allur компаниясының өкілі Станислав О- Юн-Бем.

Спортшы болса компания тарапынан жетістіктеріне қолдау көрсетіп, назар аударғаны үшін зор алғысын білдірді: "Менің жеңісіме отандық компаниялар тарапынан ризашылық білдіріп  жатқанына өте қуаныштымын. Бұл сыйлық спорттық аренада одан әрі дамуға және жаңа жеңістерге жетелеуге ынталандыратын болады".

Естеріңізге сала кетейік, Allur компаниясы  волейболдан Қазақстанның паралимпиадалық құрамасына JAC Sunray шағын автобусын сыйға тартқан болатын.


Рекомендовать
Последние новости