Гүл емес, бала өсіріп жатырмыз

Dalanews 26 февр. 2015 21:48 923

Джек Кэнфилд

Көршімнің екі баласы бар. Бесте және жетіде. Бірде, қарап отырсам, көршім баққа кіріп, қызына газонды қалай тазалау керектігін үйретіп жатыр екен. Көгалшапқышты қалай дұрыс бұрау керектігін байыптап түсіндіріп берді. Сол мезетте үйден әйелі шығып, бірдеңе деді. Көрші орнынан тұрып, оған жауап қатты. Әп-сәтте қайта бұрыла беріп еді, қызының шөп шетіндегі гүлзардағы бір түп гүлді қиып түсіргенін көріп, көзі шатынап кетті. Ашуы бұрқ етті. Көрші-қолаңға мақтанам деп сонша уақыттан бері өсіріп келе жатқан көз қуанышынан айырылып қалу оңай болмады. Сол кезде үй алдында тұрған әйелі жылдам басып олардың жанына келді де: «Қымбаттым, біз гүл емес, бала өсіріп жатырмыз, соны ұмытпашы...» дегені. Көршімнің әйелі ата-ананың бала алдында өзінің артықшылығын ұмытпауы керектігін әдемі еске салды. Бала мен оның өзін сыйлай білу қасиеті өте маңызды. Сынған, бүлінген, қираған дүниелердің бәрінен де зор маңызға ие. Шағылған терезе, қираған үстел, сынған тәрелкені енді қайта орнына келтіру мүмкін емес. Гүлдерді де тірілте алмайсыз. Әр ата-ана қирандылар арасында баласының рухын сындырып алмауы тиістігін есте сақтауы керек. Әр бала өмір қуанышын әке-шешесінің тәлімінен ұғынатынын ұмытпауымыз ләзім.

[caption id="attachment_9518" align="alignright" width="266"]26 мейір[/caption]

Бірнеше апта бұрын спорттық костюм сатып алуға дүкенге бардым. Дүкеннің иесімен кездесіп, ескі танысым болғандықтан, біраз сөйлесіп қалдық. Ата-ананың міндеті туралы әңгімелестік. Ол өзінің жақында отбасымен қонаққа барғаны туралы айтты. Қыдырып барған үйінде оның жеті жасар қызы ішіп тұрған суын ыдысымен қолынан түсіріп алыпты. Үлкендердің барлығы өбектеп, суды сүртіп алған соң, кішкентай қыз: «Басқа ата-аналар құсап маған ұрыспағандарыңызға рахмет. Менің достарымның әке-шешелері сіздерге ұқсамайды: олар балаларына ұрсып, айыптап, бұдан былай көзіңе қарап жүр деп айтар еді. Сіздердің солай айтпағандарыңыз қандай жақсы!», – депті.

Бірде таныстарымның үйінде түскі ас ішіп отырғам. Олардың бес жасар баласы бір стақан сүтті төгіп алды. Достарым балаға зекіп, ұрса бастады. Сол кезде мен өзімнің сүтімді өтіріктен төге салдым. Қырық сегіз жасқа келгенше әр нәрсені төгіп алатынымды айтып, әптер-тептерім шығып ақталдым. Кішкене бала қуанып кетті. Ал, әке-шешесі менің сөзімнің төркінін түсініп, лезде басылды. Қайталап отырмаса, оқығаныңның бәрі тез арада ұмыт болады.
Шағылған терезе, қираған үстел, сынған тәрелкені енді қайта орнына келтіру мүмкін емес. Гүлдерді де тірілте алмайсыз. Әр ата-ана қирандылар арасында баласының рухын сындырып алмауы тиістігін есте сақтауы керек. Әр бала өмір қуанышын әке-шешесінің тәлімінен ұғынатынын ұмытпауымыз ләзім.

Жуырда бір ғалым туралы мақала оқыдым. Одан сұхбат алған журналист көп адамның арасынан суырылып, ерекшеленіп тұратындығының себебін сұрапты. Ғалым оған былайша жауап берген. Оның ерекшеленуіне анасы себепкер болыпты. Екі жасында биікте тұрған сүтті алып ішпек болған бала оны төгіп алады. Мұны көрген шешесі: «Үйді әдемілеп шашып тастапсың ғой. Мұнша сүттің төгілгенін ешқашан көрмеппін. Обал-ақ. Енді төгіліп қалған соң ештеңе істей алмаймыз. Қаласаң кішкене ойна, сосын екеуміз бұл жерді бірге жинайық», – дейді. Бала сүтке аяғын салып, ары-бері жүріп ойнайды. Сонда шешесі: «Білесің бе, ботақан, үйді шашқан соң, оны соңынан міндетті түрде жинау керек. Немен жинайсың? Сорғышпен бе, орамалмен бе? Немен жинағың келеді?», – деп сұрайды. Кішкентай бала сорғышты алып, анасы екеуі төгілген сүтті сүртіп алады.

[caption id="attachment_9519" align="alignleft" width="305"]1360134395 Балалы үй - базар[/caption]

«Сенің кішкентай қолдарың үлкен құты сүтті көтере алмады. Енді аулаға барып, кішкентай қолдарға су толтырылған құтыны беріп, қалай көтеретінін байқайық», – деп, баласын далаға алып шығып, құтының аузын жауып, оны баласын арлы-берлі тасытады. Керемет сабақ! Солай емес пе?!
Ғалым осы оқиғаны өрбітіп, сол кішкентай күнінде-ақ қателік жасаудан қорықпау керектігін түсінгенін айтыпты. Керісінше, қателік деген жаңаны тануға бастайтын жол екенін ұғынғанын, сол оқиғаның арқасында өзіне деген сенімі артқанын айтыпты. Ал, бұндай қадам ғылыми тәжірибенің негізін құрайды. Тәжірибе жүзеге аспаса да, оның көмегімен өте керекті нәрсені біле аламыз.
Әр ата-ана ғалымның анасындай баласымен сөйлесуді білсе!

Осындай тағы бір оқиғаны көп жыл бұрын радиодан естіген едім. Жас келіншек жұмыстан шығып, үйіне асығып келе жатады. Асығыс жүремін деп көлігімен алдындағы көліктің жиегін сүріп кетеді. Жуырда ғана күйеуі сыйлаған жап-жаңа көлігін бүлдіріп алғанына қатты қамығып, жылайды. Күйеуіме не айтам деп ойлайды. Алдындағы көліктің иесі оған басу айтады. Дегенмен, мәшиненің және оның құжатының нөмірлерімен алмасуы керектігін алға тартады. Келіншек құжаттарды ақтарып отырғанда арасынан бір парақ сусып жерге түседі. «Егер алда-жалда жолда бірдеңе болса, жаным, есіңде болсын, мен мәшинені емес, сені сүйем!...» деп күйеуі хат жазып қалдырыпты.

Баламыздың рухы кез келген материалды құндылықтан мың есе маңызды екенін ұмытпайық. Осы қағида үнемі есте болса, балаңыздың жүрегіндегі өзіне деген сенімі мен махаббаты кез келген гүлзардан жылдам жайқалып шығады.
                                                                                                                                                                                                                                     


 Аударған Шынар ӘБІЛДӘ


 


 

Рекомендовать
Последние новости