Геосаяси шиеленістер нарықтарға тағы да қысым жасауда - BCC Invest шолуы

Кәмшат Тілеухан 17 июн. 2025 10:50

Әлемдік нарықта Brent мұнайының бір баррелінің құны геосаяси оқиғаларға байланысты өткен аптаның аяғы мен осы аптаның басында 68-75 доллар аралығында ауытқып, қымбаттайтын түр танытты. Қазір баға 73,7–74 доллар аралығына тұрақтаған.Dalanews.kz бұл ретте BCC Invest Талдау департаментінің сарапшысы Алдияр Әнуарбековтың аталған нарыққа жасаған шолуын ұсынады.

Мұнай мен алтын бағасы қатар құбылуда

"Геосаяси тәуекелдер нарықтарға тағы да қысым жасауда. Өткен аптаның соңында Таяу Шығыстағы қақтығыстың күшеюі аясында АҚШ қор нарығында жаппай сатылым орын алды: Израильдің Иранның ядролық бағдарламларын қамтитын нысандарына соққы жасауы мұнай тасымалы тұрақтылығына қатысты алаңдаушылықты өршітті. Өткен жұмада WTI бағасы 7%-дан астамға көтеріліп, аптаны 12%-ға жуық өсіммен аяқтады. Бұл - соңғы төрт айдағы ең жоғары деңгей. Мұндай динамика инфляциялық тәуекелдерді күшейтеді және ақша-кредит саясатын жұмсартуды ұмыта тұруды меңзейді.

Алтынның "бас сауғалаушы" валюта түріндегі функциясы да қайта жанданып, оған деген сұраныс күрт артты. Бағасы да тарихи биікті жаңғыртты. Қазіргі шикізат бағасы өсімінің инвесторлардың қорғаныс активтеріне қарай ден қоя бастағанын, ал геосаяси жағдай одан әрі шиеленіскен жағдайда бұл процестің күшеюі мүмкін екенін аңғартады.

 

АҚШ-қа түк болмады

Геосаяси және сауда-саттықтағы аласапыранға қарамастан, жылдың бірінші жартысындағы АҚШ-тың макроэкономикалық деректері тұрақты сипатқа ие. Екінші тоқсанда АҚШ-тың ЖІӨ көлемі тұрақты тұтыныстың арқасында 3%-дан жоғары болады деп күтіледі. Үй шаруашылықтары ақша жұмсауды жалғастыруда, бұған нақты кірістер ықпал етеді, өйткені жалақы инфляцияға қарағанда 3,9%-ға асып, тез өсуде.  

Еңбек нарығы шиеленісті болып қала береді, жұмыссыздық шамамен 4,2% құрайды, ал компаниялар жұмыс күшіне тұрақты корпоративтік сұранысты көрсете отырып, қызметкерлерді төмен жалдау ақысы арқылы ұстауда. ЖІӨ-нің 70% - дан астамын құрайтын қызмет көрсету секторы түріндегі экономиканың мұндай құрылымы тарифтер қатты әсер ететін өндірістік сектордағы ықтимал баяулаудың орнын қамтамасыз етеді. Бұл жағдайда нарықтардың қысқа мерзімді құбылмалылығы инвесторлар үшін таптырмас мүмкіндік сияқты көрінеді. Іргелі көрсеткіштер мықты күйінде қалуда және әзірге жақын маңдағы тоқсандар көкжиегінде рецессия белгілері байқалмайды".

Иранға жасалған соққы нарықтар үшін қысқа мерзімді әсерге ие

"Израильдің Иранның ядролық нысандарына шабуылы аптаның негізгі геосаяси оқиғасына айналып, бұл жаһандық нарықтарда құбылмалылықты арттырды.  Шикізат активтері бірден әсер берді: WTI мұнайының бір баррелі 73 доллардан жоғары болды, ал алтын тарихи биіктерді жаңартты.

Алайда, қысқа мерзімді қысымға қарамастан, сарапшылар мұнай нарығы құрылымдық жағынан теңдестірілген күйге түсіп, баға өсімі тасымал тапшылығынан гөрі саяси қауіп-қатерді сипаттайды деп санайды. BofA сарапшылары қысқа мерзімді перспективада бағаның өсуіне қарамастан, жаһандық мұнай нарығы орташа профицит кезеңіне еніп жатқанын айтады: 2025 жылы тәулігіне сұраныс небәрі 900 мың баррельге өседі, ал ОПЕК-тен тыс елдердің күніге беретін ұсынысы 1,2 миллион баррельді құрайды. Бұл жылдың екінші жартысында мұнайдың бір баррелі 60-65 доллар аралығында тұрақтанады деуге негіз болады".

Бұған дейін сайтымызда "Израильдің Иранға соққысы: Brent мұнайы қымбаттап, ғаламдық нарыққа қауіп төнді" деген мақала жарияланған болатын.


Рекомендовать
Последние новости