«Гарант-24 Ломбардқа» жем болған жұрт Қуат Найманды айыптауда

Dalanews 24 февр. 2020 04:32 744

Әлеуметтік желі қолданушылары аралас жекпе-жек файтері Қуат Хамитовтан «Гарант-24 Ломбард»  жарнамасына түскені үшін түсініктеме беруді талап етті. Халық спортшының Instagram желісіндегі парақшасында өз шағымдарын (орфография мен пунктуация сақталған) білдіріп жатыр, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Қуат қазаққа кім тиіссе менің сол дұшпаным деп айтып едіңіз, Сіз реклама жасаған Гаранд24 ломбард Қазақстаның 14 облысынан өз филиялдарын ашып жұмыс жасады. Қазақтың бетке ұстар азаматтары мен азаматшалары шынайы копания, ақшаларыңызды осы ломбард депозитке салыңыздар деп жарнама жасадыңыздар. Сіздердің сол Гаранд24 ломбарқа машина, ақшаларыңызды салғанын көрген халықта, өз ақшаларын, көліктерін, пəтерлерін салды. Гаранд24 ломбард халықтың ақшасын жинап алды да, өздері қашып кетті. Алданып, зар жылап халық қалды. Енді, Қазақстанның алданған мыңдаған халқының ақшасын кім қайтарады? Қазақты алдаған осы копанияның басшыларын тауып, ақшасын қайтаруына, жарнама жасаған блогерлер, əншілер, спортшылар көмектесіңіздер! Сіздердің жарнамаларыңызға халық сенді. Ақшаларын депозитке салды. Барынан айырлған қарапайым халыққа ел болып,үкімет болып көмектессіңіздер!» деп жазды e.k.b1111 нигімен тіркелген қолданушы.

«Ақша любой адамды сөйлетеді екен. Ломбард 24 Рекламасына түсіп, қанша адамды сендіріп, енді үнсіз отыру дұрыс емес!!!», - деп жазды holostyaq есімді қолданушы.


Кейбір қолданушылар спортшыны жақтап, адамдар шешімді өзі қабылдайтынын айтты.

«Әркім өз ісіне өзі жауапты әрдайым. Баста ми болса олай болмас еді. Біреу таудан секірейн деп жатрым жур секіреик десе еріп кете барса ол ісіне өзге жанның кінәсі жоқ. Таза өз ойым әрі пікірім» деп жазды talgat.1262.


«Е адамдар Куат сендерди сүйреп апаргандай сол жерге, он как известный личность реклама жасап берді, билсе олда жасамас еди тікелей Қуатқа хабарласып, ақша салайқ па деп сұрадындарма? Жоқ арине. Так что оз қателіктерінді өздерін жауап беріп үйреніңдер десе ренжейсіңдер өздерін алып, оздерин салып ещё соны да биреуден көресіңдер ұят қой» деп жазды aziza04.444.04.

 

Рекомендовать
Последние новости