Ғалымдарымыз құрамында ГМО қоспалары бар жануарлар азығының зиянын анықтады

Dalanews 13 сент. 2016 03:43 1572

Қазақ ветеринария ғылыми-зерттеу инстиутының ғылыми қызметкері З.А. Латыпова құрамында генетикалық модификацияланған заттар кездесетін азықтардың жануарларға қалай әсер ететінін зерттеп, олардың қаншалықты қауіпті екенін дәлелдеді. Бұл жайында «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ-ы Баспасөз қызметі хабарлайды.

Ғылыми-зерттеу жұмысына жетекшілік жасаған биология ғылымдарының кандидаты З.А. Латыпова бастаған ізденушілер бірқатар жануарлар азығын зерттеп, құрамында генетикалық модификацияланған қоспалары бар азықтарды ақ тышқандарға беріп, тәжірибе жасаған. Ғалымдар ақ тышқандар мұндай азықты ұдайы тұтынған жағдайда көбею үрдісі, биохимиялық, гематологиялық, патоморфологиялық және гистологиялық көрсеткіштері қаншалықты өзгеріске ұшырайтынын бақылапты.

Зерттеу барысында құрамында ГМО қоспалары бар жануарлар азығы тіршілік иелерінің репродуктивті даму үшін қаншалықты токсинді заттар бар екеніне көз жеткізілді. ГМО азықтарды тұтынған ақ тышқандардың бесінші ұрпағының бойында айтарлықтай ауытқулар пайда болған.

Айталық, ақ тышқандар бірнеше шақалағын өлі туған. Сондай-ақ, өмірге тірі келген бала тышқандардың түрі құбыжыққа ұқсап, қалыпты салмақтарында ауытқулар пайда болған. Осылайша отандық ғалымдар құрамында ГМО қоспалары бар жануарлар азығы тіршілік иелерінің организиміне кері әсер ететінін ғылыми тұрғыдан дәлелдеп берді.

Қазақ ветеринария ғылыми-зерттеу инстиуты ғалымдары жүргізген ғылыми зерттеу жұмыстарының қорытындылары азық-түлік өнімдерінің сапасын бақылайтын қадағалаушы органдарға тапсырылған. Олар түрлі азықтық өнімдерге сараптама жасағанда осы ғылыми жұмыстың қорытындысын басшылыққа алып, әрекет етуі тиіс.

Рекомендовать
Последние новости