Байқауда Еуропаның жаратылыс саласындағы тәжірибелі профессорларынан құралған халықаралық қазылар алқасы төрелік етіп еліміздің түкпір-түкпірінен іріктелген 50 үздік қазақстандық жобаны қарады. Эсперттер STEM-оқытуды тәжірибесінде тиімді пайдаланып, жобаларында ұтымды көрсеткен жеті мұғалімді жеңімпаз атады.
Үздік ұстаздар келесі жылдың жазында Финляндияда өтетін 13-ші Еуропалық «Science on Stage -2024» фестивалінде республиканың абыройын қорғайтын болады.