Freedom компаниясы Маңғыстау өңіріндегі тұщы су тапшылығын шешуге көмектеседі

Dalanews 28 окт. 2022 12:20 827

Freedom компаниялар тобы және Маңғыстау облысының әкімдігі «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық бағдарламасының шеңберінде су тұщыту зауытынан Ақтау қ. 4-СҚОТ-қа (Сумен қамтудың орталық торабы) дейін сорғы станциясының және сумен жабдықтау желілерінің құрылысын қаржыландыру жөнінде меморандум жасады. 

Freedom компаниялар тобы 2,12 млрд теңге мөлшеріндегі аталған жобаны іске асыруды толық қаржыландырады. Инженерлік құрылыстар салу Ақтау қаласының және Түпқараған ауданы Ақшұқыр, Саин Шапағатов ауылдарының тұрғындарын сапалы ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Нәтижесінде бұл мәселеде 230 мыңға жуық адамның қажеттілігі қанағаттандырылады. Жоба бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау Маңғыстау облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының «Каспий Жылу, су Арнасы» МКК-не жүктелген.

Құрылыстың аяқталуы 2023 жылға жоспарланған.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың басында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнес өкілдерімен кездесуде кәсіпкерлерді отансүйгіштік пен әлеуметтік жауапкершілік танытуға және капитал, тәжірибе, басқарушылар командасының әлеуеті және нарықтың нақты көрінісі сияқты ресурстарды экономиканы қайта құруға бағыттауға шақырды.

«Егер сіз өз болашағыңызды Қазақстанмен байланыстырсаңыз, онда өз қаражатыңызды елімізге қайта салуыңыз қажет. Бұл Сіздің Қазақстан алдындағы әлеуметтік және саяси жауапкершілігіңіз», - деп атап өтті Президент.


Тимур Турлов, Freedom Holding Corp. Бас атқарушы директоры:

«Биыл біздің мемлекетіміз үшін жаңа кезең басталды. Біздің ойымызша, Жаңа Қазақстанды құрудың жетістігі әрқайсымыздың қолымызда болмақ. Жеке өзім үшін әрі біздің бүкіл компаниямыз үшін елдегі мүмкіндіктердің тең болуына үлес қосу аса маңызды. Өңірге көрсететін қайырымдылық көмегіміз бүкіл кәсіпкерлік қоғамдастыққа өзіндік белгі болмақ, сол арқылы біз мемлекетпен бірге кейінге қалдыруға болмайтын барлық проблемаларды жылдам шеше аламыз деп үміттенемін, себебі су - адамның негізгі қажеттілігі. Біз үшін, азаматтар үшін Қазақстанымызды бұдан да әділ етуге көмектесетін әрі ертең біздің болашағымыз сәл жарқын болады деген үміт беретін жобаға қатысып жатқанымызмақтаныш».​

Бүгінгі таңда тұщы судың жетіспеушілігі Маңғыстау облысының басты проблемаларының бірі болып табылады. Өңірде оның табиғи көздері жоқ, ауыз суды теңіз суынан алады.

Алайда, бұл шара да халықты сумен үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді. Өңірдің даму деңгейін ескере отырып, 2025 жылға қарай тұщы суға деген қажеттілік шамасы тәулігіне 250-260 мың м³, ал тапшылық тәулігіне 100-110 мың м³ құрайды.

Нұрлан Ноғаев, Маңғыстау облысының әкімі:

«Біз кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілікке көп көңіл бөліп, өңірдің дамуына өз қаражатын салып жатқандарына қуаныштымыз. Бұл жолда біз жалпы ұзындығы 18 шақырым болатын су құбырының құрылысын қолдаған Тимур Турловқа алғысымызды білдіреміз. Бұл су құбыры Ақтау қаласы мен Ақшұқыр кенті арасында орналасады, онда қазіргі уақытта жеке инвестордың есебінен су тұщыту зауытының құрылысы жүріп жатыр. Өздеріңіз білетіндей, Маңғыстау өңірінде әсіресе мамыр мен қыркүйек айларының аралығында ауыз су тапшылығы байқалады. Аталған жобаны іске асыру қорытындысы бойынша Ақшұқыр, Саин Шапағатов елді мекендері мен Ақтау қаласының бір бөлігі сумен толық қамтамасыз етіледі деп сенеміз».

2015 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы орнықты дамудың 17 мақсатын әзірледі, оның ішінде «Барлығына су ресурстары мен санитарияның барын және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету».

Қазақстанда ОДМ-ны іске асыру және оған қол жеткізу процесінің мониторингі БҰҰ өкілдерінің тарапынан да, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің тарапынан да тұрақты жүзеге асырылады.

Маңғыстау облысында су тұщыту зауытынан 4-СҚОТ-қа дейін сорғы станциясы мен сумен жабдықтау желілерінің құрылысын қаржыландыру бұл - орнықты даму мақсаттарына жауап беретін ESG-күн тәртібі шеңберінде іске асырылатын бастамалардың бірі. Сондай-ақ, ағымдағы жылғы қазан айында Freedom Holding Corp. компаниясының еншілес компаниясы Freedom Finance Global PLC-дің Ұлттық ESG клубына қосылғанын атап өтеміз.

Рекомендовать
Последние новости