"Жаңа Қазақстанға сенемін...". Экс-министр сот залынан босап шықты

Dalanews 28 окт. 2022 11:29 790

Экс-Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен оның орынбасары болған Олжас Әбішевке сот үкімі шықты деп хабарлайды Dalanews.kz Halyq Uni порталына сілтеп.

Үкім Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 сотында жарияланды.

Сот шешімімен Елжан Біртанов 5 жылға, Олжас Әбішев 4 жылға шартты түрде бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.

"Сот Елжан Біртановты қылмыстық кодекстің 361-бабы 3-бөлігі бойынша санитарлық авиация ұшағын қолданғаны үшін кінәсіз деп таныды. Елжан Біртанов пен Олжас Әбішевті қылмыстық кодекстің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танып, Біртановты 5 жылға бас бостандығын шектеуге, Олжас Әбішевке 4 жылға бас бостандығын шектеу туралы үкім шығарды, - делінген сот үкімінде.

Оларға пробациялық бақылау қойылады. Сондай-ақ екеуі де өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Сондай-ақ Олжас Әбішев жазаның негізгі бөлігін өтегенше жыл сайын 100 сағат мәжбүрлі еңбекке жұмысқа тартылады.

Сотталғандарға Қылмыстық кодекстің 44-бабының 2-бөлігінде көзделген міндеттер жүктелді. Соған сәйкес, сотталғандар олардың мінез-құлқын бақылайтын уәкілетті мемлекеттік органға хабарламай, жұмыс орны мен тұрғылықты мекенжайын өзгертпеуі қажет. Жұмыстан бос уақытта тұрғылықты жерінен, басқа аймақтарға баруға болмайды.

Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігінің азаматтық арызы жартылай қанағаттандарылды.

Біртанов пен Әбішев 1 миллиард 350 миллион 123 мың теңгенінің материалдық шығынын өтеп беруге міндеттелді.


Айта кетейік, экс-министр сот үкімі шықпастан бұрын көңіл күйі жақсы екенін жеткізді.

"Көңіл күйім өте жақсы. Себебі адвокаттар жақсы жұмыс істеді деп сенеміз. Бүгінгі сот шешімі әділетті болады деп сенеміз. Мені, Олжас Әбішевті сот бостады деп сенеміз. Жаңа Қазақстанға, әділетті Қазақстанға сенеміз. Біз ешқандай да жемқор емеспіз. Біз халық жауы емеспіз", - деді Елжан Біртанов.

Сондай-ақ сот процесі өтіп жатқан ғимарат іші лық толды. Олар Біртанов пен Әбішевті босатуды сұрады.

Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. 


Сондай-ақ прокурор Біртанов пен оның бұрынғы орынбасары Олжас Әбішевтен 1,5 миллиард теңге өндіріп алуды сұрады.

Одан бөлек, Біртановтан санитарлық авиация бортын пайдалануға жұмсалған 5 млн 503 мың 721 теңге өндіріп алуды ұсынды.

 

https://dalanews.kz/news/82859-zhetisu-oblysynda-dini-akhualga-turaqt

https://dalanews.kz/ekonomika/82850-freedom-kompaniiasy-manggystau-ongirindegi-tu

 

 

Рекомендовать
Последние новости