Еуропалық туристерді Түркістан облысындағы ескі қалалар қызықтырады

Dalanews 18 окт. 2018 09:23 1465

Облыс орталығы мәртебесіне ие болған Түркістан шаһарына саяхат үшін келетін туристер саны артты. Тарихи орынды қызықтау және зиярат етуге келгендер саны былтыр 1 миллион болса, биылғы 8 айдың өзінде олардың қатары 900 мыңға жетіп отыр. Бұл ең әуелі аймақта саяхатшыларға қызмет көрсету сапасының артқаны, сонан соң қатынас жолының жақсарғанын дәлелдейді.

Джон Лайман баспа саласында жұмыс істейді. Ежелгі Отырар шаһары, Ясауи кесенесі жөнінде бұған дейін тек ақпарат құралдарынан естіп, біліп жүрген. Демалысын пайдаланып, арнайы саяхаттап келіпті. Сапардан алған әсері керемет.

–  Өйткені, ерте орта ғасырда салынған құрылысты өз көзіммен көріп, оның сақтлауы таңқалдыруда. Қазақстан туралы ақапарат құралдарынан хабарымыз бар. Енді оның тарихына  көз жеткізу, оның әсері ерекше, – дейді британдық саяхатшы Джон Лайман.

Тек биылдың өзінде Түркістанға Джон секілді 32 мыңнан астам шетелдік саяхаттау үшін келген. Мамандардың айтуынша, оларды көбіне Ұлы Жібек жолы бойындағы Сауран, Сидақ, Қараспан, Күлтөбе, Отырар қалашығы секілді тарихи орындар қызықтырады. Ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрімізге қаныққысы келетін туристер де көп.

– Көптеген  туристер негізінен  АҚШ, Франция, Бельгия және АҚШ, Франция, Бельгияелдерінен келеді. Олар ескі қалашықтар – Сауран, Отыраржы және  Арыстанбаб кесенесіне қатты қызығушылық танытады, – туристік ақпараттық орталығының менеджері Ақмарал Кеңесбай.

Соңғы уақыттары Түркістанда саяхатшылар санының артуы қаладағы шағын және орта кәсіпкерліктің жандануына түрткі болған. Бүгінде облыс орталығында 11 мыңнан астам  кәсіпкерлік нысаны саяхатшыларға қызмет көрсетеді. Өңірлік өнімнің 58 пайызы туризм мен қызмет көрсету саласының үлесінде. Былтыр қала қазынасына туризмнен 3 миллиард 700 миллион теңге пайда түскен.

– 2017 жылы  туристік салада қызмет көрсететін екі кәсіпкерлік нысанында 50 жұмыс орны ашылған болса, биыл тағы екі нысанды іске қосуды жоспарлап отырмыз. Онда 240 жұмыс орны ашылады, деп Түркістан қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Гүлжамал Даханова ойын ортаға салды.

Бүгінде шаһардың туристік әлеуетін жақсарту мақсатында Ясауи кесенесі жанынан қолөнершілер орталығы ашылған. Мұнда ісмері мен зергері бар, ағаш және темір ұстасы секілді 20-дан астам шебер жұмыс істейді. Түркістанға сапарлап келген әрбір жан шеберлердің бұл еңбегін көріп, қызықтай алады. Көңілге жақса сатып алады. Сондай-ақ, жаңадан салынған зияратшылар орталығында 200 адамның ас ішіп, тынығып түнеп шығуына барлық жағдай жасалып отыр.

 

Рекомендовать
Последние новости