Эстафетаға қатысушы мұғалімдерге арналған семинар

Dalanews 19 мар. 2021 03:20 819

17 наурыз күні «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ аға оқытушысы, Дүниежүзі тарихы, Қазақстан тарихы және Құқық негіздері пәнінің жаңартылған бағдарлама бойынша тренері, гуманитарлық ғылымдар магистрі Гүлбала Кеніштайқызы мұғалімдермен онлайн-семинар өткізді.

Семинарға қатысушыларға Г. Кеніштайқызы бірінші кезекте цифрлық сабақтарды түсірудің бекітілген ережесінен ауытқымай, эстафета материалдарына қойылатын талаптар бойынша жұмыс жасудың маңыздылығын атап өтті.

Тренер семинар барысында эстафетаға қатысушы мұғалімдердің Дүниежүзі тарихы пәнінен (10-сынып) 4-тоқсанның оқу бағдарламасы бойынша әзірленген сабақ үлгілерімен танысып, қашықтықтан білім беру жағдайында оқушылардың білімін толықтыруға негіз болатын цифрлық сабақты дайындау барысында бағалау критерийлеріне, білім, білік, дағдысына, тапсырмалардың ерекшеліктеріне мән беріп, дескриптор мен кері байланыстың дұрыс жүргізілуіне бағыт-бағдар берді.

Тарих пәні мұғалімдері сабақты әзірлеу барысындағы туындаған сауалдарымен бөлісіп, өздерінің сабақ жоспарын орындауға қажетті кеңестермен бөлісті. Бастаған жұмыстың сапалы орындалуына септігі мол ізгі шараны ұйымдастырған тренерге семинарға қатысушы ұстаздар алғыс айтып, қоштасты.

Рекомендовать
Последние новости