Есік қаласында Мемлекеттік Ту көтеру салтанатты рәсімі өтті

Dalanews 25 окт. 2024 15:56 4560

Бүгін, Республика күні мерекесінде, Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласындағы Ту тұғыры жанындағы Мемлекеттік рәміздер алаңында, Мемлекеттік Ту көтеру салтанатты рәсімі өтті. Отансүйгіштік пен мақтаныштың символы болып табылатын бұл айтулы оқиға Республика күнін мерекелеудің бастамасы ретінде ерекше мәнге ие болды.

Салтанатты шараға Алматы облысы әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергенов, мәслихат депутаттары, жергілікті әскери гарнизонның қызметкерлері, құқық қорғау органдарының өкілдері, зиялы қауым және аудан тұрғындары қатысты. Олардың барлығы азаматтық келісімді, ұлттық бірлікті және ел тағдыры үшін жауапкершілікті білдіретін осы маңызды күнді, бірге атап өтуді мақсат етті.

Нұржан Құдайбергенов сөзінде: «Құрметті жерлестер, баршаңызды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! 1990 жылы 25 қазанда еліміз мемлекеттік егемендік туралы Декларация қабылдап, тәуелсіздікке алғашқы қадам жасады. Осы уақыт ішінде Қазақстан қуатты, тұрақты мемлекетке айналды. Бірлік пен келісім – біздің басты байлығымыз. Қоғамдық келісімді сақтай отырып, біз жетістіктерімізді арттырып, жарқын болашақты қамтамасыз етеміз. Бүгінгі ту көтеру рәсімі – ұлттық рух пен патриотизмнің белгісі. Туымыз әрқашан биікте желбірей берсін!» – деді.

Республика күнін мерекелеу – еліміздің өркендеуіне негіз болған құндылықтардың маңыздылығын көрсетеді. Бірлік пен келісім – ұлтымыздың басты тірегі. Осы бірліктің арқасында біз түрлі қиындықтарды жеңіп, болашаққа сеніммен қараймыз. Бұл күн – әр азаматтың жүрегінде отанға деген сүйіспеншілікті, патриотизм мен мақтаныш сезімін оятып, еліміздің тарихында жарқын беттерді ашуға жол сілтейтін ерекше сәт.

Салтанат барысында Туымыздың желбіреуі – халықтың бірлігі мен тұтастығының белгісі, ал еліміздің болашағының жарқын болуы әрқайсымыздың ортақ міндетіміз.


Рекомендовать
Последние новости