24 мамырда Алматы қаласының әкімін тағайындауға келісім беру үшін мәслихаттың жиналысы өтеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл туралы Алматы қаласының мәслихаты хабарлады.
"2022 жылғы 8 маусымдағы № 912 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттары депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімін лауазымға тағайындауға келісім беруі қағидаларының 5-тармағына сәйкес, Алматы қаласының әкімін тағайындауға келісім беру үшін Алматы қаласының мәслихаты 2025 жылғы 24 мамыр күні сағат 12:00-де VIII сайланымдағы Алматы қаласы мәслихат депутаттарының жиналысы өтетіндігін хабарлайды", – делінген хабарламада.
Айта кетейік,Ерболат Досаев 2022 жылғы 31 қаңтардан бері Алматы қаласының әкімі қызметін атқарып келеді.
Ерболат Досаев әр жылдары түрлі мемлекеттік лауазымдарды атқарды:
-
2001–2003: Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің орынбасары
-
2003–2004: Денсаулық сақтау министрі
-
2004–2006: Индустрия және сауда министрі
-
2012–2016: Ұлттық экономика министрі
-
2017–2019: «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы
-
2019–2022: Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы
Ұлттық банк тізгінін ұстаған кезінде ол теңгенің еркін өзгермелі бағамы, инфляцияны таргеттеу, банк секторын тұрақтандыру сияқты бірқатар экономикалық реформаларды жүргізуге қатысқан.