Ертең "Көш және Көшбасшы" атты мерекелік концерті өтеді

Dalanews 17 нояб. 2016 12:56 884

Биыл Ел тәуелсіздігі мен «Қазақ көшіне» - 25 жыл толып отыр. 1991 жылы 18 қарашада Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешіміне сәйкес республиканың Министрлер кабинеті “Ауылдық жерлерде жұмыс істеуге тілек білдіруші байырғы ұлт адамдарының басқа республикалардан және шет елдерден Қазақ КСР-ына көшіп келуі тәртібі мен шарттары туралы” қаулы қабылдады. Содан бергі ширек ғасыр уақытта Атажұртқа оралған қандастарымыздың саны 1 миллионнан асты.

Бұл, әрине, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының ең жемісті саясаты десек қателеспейміз. Қазақ тарихына алтын әріппен жазылуға тиіс осы мерейлі мерекені елге оралған ағайын биылғы жылы 18 қарашада Алматыдағы Студенттер сарайында айрықша атап өтпек. Бұл шараны - «Қазақ көшінің» 25 жылына тарихи баға беру және қарашаңыраққа уық болып қадалған миллионнан астам қазақтың Ел мен Елбасына алғыс айтуы деп қабылдаған жөн. Алғысты тек жалаң сөзбен ғана емес, елге келіп өсіп-өнген, жетістікке жеткен ағайынның жарқын бет-бейнесімен көрсеткісі келеді. Бұл шараны «Қамшы» ақпараттық порталы мен «Қазақстан» ұлттық телеарнасы бірлесіп өткізеді.
Мерекелік шараға лауазымды тұлғалар, қадірлі қонақтар қатысып, эстрада жұлдыздары әннен шашу шашады.

Рекомендовать
Последние новости