Ерлан Қарин АЭС құрылысы бойынша референдумның маңызды тұстарын атап өтті

Қаракөз Амантай 06 окт. 2024 10:16 873

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Ұлттық кітапхана ғимаратында орналасқан сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мемлекеттік кеңесші бұл күннің маңызын атап өтіп, әрбір азамат өз конституциялық құқығын пайдаланып, дауыс бере алатынын айтты. Сонымен қатар ерте келуінің құпиясын  да бөлісті.

"Сайлау учаскесіне таңнан келіп, дауыс беру әдетіме айналған. Сонымен қатар, өте ыңғайлы. Адамның легі аз. Одан кейін өз жеке жұмыстарыңмен де айналыса беруіне уақыт бар. Мысалы қазір мен достарыммен кофеханада кездесемін. Сондықтан ерте келіп дауыс беру мен үшін дәстүр емес, бала кезімнен қалыптасқан әдет”, - деді Қарин Zakon.kz агенттегіне берген сұқбатында.

Ерлан Қариннің айтуынша, бүгінгі референдум еліміздің болашағын айқындау тұрғысынан өте маңызды.

"Мен өз тарапымнан референдумға шығарылатын мәселенің ғана емес, оны өткізу фактісінің де маңыздылығын атап өтер едім. Мен үшін, саяси сарапшы ретінде, біріншіден, ТМД мен Орталық Азияда Қазақстан осындай мәселе бойынша референдум өткізетін бірінші және жалғыз мемлекет.Бәлкім, ТМД-да ғана емес, кеңірек геосаяси ортамызда да болар", — деп өз пайымымен бөлісті ол.

Еске сала кетейік, дауыс беру тізіміне 12,3 миллионға жуық қазақстандық енгізілген.

Референдумға 30 шет мемлекет пен төрт халықаралық ұйымның (Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Түркі мемлекеттері ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес) атынан 177 байқаушы қатысады.

Дауыс беру барысын 14 мемлекеттің орталық сайлау органдарының өкілдері, соның ішінде Әзірбайжан, Беларусь, Тәжікстан және Өзбекстан орталық сайлау органдарының төрағалары да бақылап отыр.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 37 елден 200 шетелдік журналистерді аккредиттеді, олар да республикалық референдумды бақылап, ақпарат таратады.


Рекомендовать
Последние новости