Ерлан Айтаханов: "Отырар ауданында спорт саласына ерекше көңіл бөлінген"

Dalanews 30 нояб. 2018 09:19 819

Отырар ауданында Тұңғыш Президент күніне арналған ауқымды іс-шаралар өткізілді. 

Мерекелік іс-шаралар Қ.Мұңайтпасов атындағы спорт кешенінде жалғасын тапты.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметкерлері арасында волейболдан және эстафеталық ойындар жарысының ашылу салтанатында аудан әкімі Ерлан Айтаханов құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға жылы лебізін білдірді хабарлайды Отырар ауданы әкімінің баспасөз қызметі.



– Бүгінде ауданымызда осы бағытта түрлі іс-шаралар жоспары бекітіліп, ауқымды жұмыстар атқарылды. Мәселен, көпқабатты тұрғын үйлердің ауласына бірнеше ашық спорт алаңшалары, Ақтөбе мен Аққұмда жабық спорт кешендері, Маяқұм, Көксарай, Темір ауыл округтерінде ашық спорт алаңдары ашылды. Бұл өз кезегінде жастардың бос уақыттарын тиімді пайдаланып, спортпен шұғылдануларына үлкен септігін тигізеді деп ойлаймын, –  деді аудан басшысы өзінің құттықтау сөзінде.

Мереке аясында ауданымызда Медиацияны дамыту орталығы  ашылды.Салтанатты шараны аудан әкімінің орынбасары Пердехан Жаппарқұлов ашып ,бірыңғай қызмет көрсету орталығының ашылуымен жиылған көпшілікті құттықтады.

Жиында  Шымкет қаласындағы медиацияны дамыту орталығының директоры Лаура Ақшегірова мен аудандық соттың төрағасы Әкімбек Жанасовтар  сөз алып,  «Мамандардың айтуынша медиацияны қоғамда  қалыптастыру  маңызды істердің бірі болып табылады. Азаматтар дау-дамайдың оңай шешу жолдарын осы орталықтан таба алады. Ал еңбек, отбасылық,қаржылық дауларға душар болғандарға тәжірбиесі мен біліктілігі ұштасқан мамандар көмек қолын созады.Олардың қатарында заңгер мен психологтар бар.Орталықтың тағы бір тиімді тұсы өмірлік қиын жағдайға тап болғандарға тегін қызмет көрсетеді» - деп көпшілікті ҚР Тұңғыш Президенті күнімен және орталықтың ашылуымен құттықтап, ізгі лебіздерін білдірді.

Рекомендовать
Последние новости