Ердоған Макронды мұсылмандарға көзқарасы үшін сынады

Dalanews 26 окт. 2020 03:29 874



Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 24 қазанда Франция президенті Эммануэль Макронды мұсылмандарға көзқарасы үшін ашық сынап, "өзінің психикасын емдеу керек" деді.








Осының алдында Макрон Француз республикасының зайырлы құндылықтарын радикалды исламнан қорғауымыз керек деп мәлімдеген. Бұл сөздер Ердоғанның ашуына тиген.

"Әртүрлі конфессияның миллиондаған өкілінің "психикасын емдеу" керек деп айтқан мемлекет басшысы туралы не айтуға болады", – деген Ердоған.

Макрон мен Ердоған арасында Жерорта теңізінің шығысына, Ливия, Сирия жағдайына қатысты пікір қайшылықтары бар.

Макрон қазан айының басында исламды "әлемдік дағдарыс" деп атаған. Президент желтоқсан айында үкімет 1905 жылы қабылданған шіркеуді Француз мемлекетінен ажырататын заңды нығайтатын заң жобасын ұсынатынын айтқан.



Рекомендовать
Последние новости