Елорданың 137 бағдаршамы интеллектуалық көлік жүйесіне қосылды

Dalanews 28 окт. 2019 13:38 895

Нұр-Сұлтан қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымы басқармасының мәліметіне сәйкес, қала жолдарының  35%-ы интеллектуалдық көлік жүйесімен қамтылды. Бүгінгі күні оған қаладағы 504 бағдаршам нысанының 137-і қосылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қазір жобаның үшінші кезеңін жобалау жұмысы аяқталуда. 2020 жылдан бастап қалған жол қиылыстарын жаңғыртылып, 118 бағдаршам қойылмақшы. Айта кетейік, бұл жүйе қалалық трафиктің проблемасын толығымен шеше алмайды. Мәселені шешу үшін кіші көлік айналымының құрылысын аяқтау маңызды.

Ол көлік қозғалысын үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мәңгілік ел даңғылына балама ретінде Тәуелсіздік даңғылы құрылысының жалғасын аяқтау да маңызыд.


– Сол жағалау толығымен интеллектуалдық жүйеге қосылған, алайда мұнда көлік коллапсы жиі болып тұрады. Бірінші кезекте тұйық көшелер мен негізгі магистральдарды өткізу керек. Тіпті, көптен күткен Асан қайғы көшесінің құрылысы мәселені шеше алған жоқ. Өйткені ол тәжірибе жүзінде Уәлиханов көшесін қайталанды. Кептелістер Кравцов көшесінен басталып, Таха Хусейн көшесіне тіреледі. Одан Тәшенов көшесінен сол жағалауға Мәңгілік ел даңғылына барып тұйықталады.  Әрі қарай көлік жүре алмайды. Сол жерде кептеліс орын алады, – деді Көлік және жол-көлік инфрақұрылымы басқармасының басшысы Нұрлан Солтамбеков.

Бүгінгі күні Нұр-Сұлтанда бес құрылыс жүргізу ауданы мен өнәркәсіптік аймақ анықталды, ол жерде бірінші кезекте  көше-жол желісі дамытылатын болады.

Рекомендовать
Последние новости