Елордадағы шаруалар көктемігі дала жұмыстарына қалай шығады?

Dalanews 19 апр. 2020 04:39 893

Кәсіпорын қызметкерлері блокпосттан өту үшін Qoldau.kz веб-порталындағы «AgroRuqsat» электронды қызметіне ЭЦҚ арқылы өтініш беру қажет. Кейін өтінішті жедел штабтың сараптамалық тобы өңдейді.

Егер сұраныс расталса, өтініш беруші туралы ақпарат «Сергек: блок-пост» электронды деректер базасына енгізіледі. 17 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мен «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ арасында агроөнеркәсіп кешені субъектілеріне карантин аймағынан шығып, далалықта өз жұмыстарын атқаруға электронды рұқсат беру туралы келісім жасалды.

Сонымен қатар, аграрлар өзінің жеке кабинетінде өз өтінішінің (қаралып жатқанын / расталғанын/қабылданбағанын) статусын көре алады. Осыдан кейін өтініш беруші карантин аймағынан шыға алады. Өтініш бермес бұрын, ауылшаруашылық кәсіпорындары рұқсат беру ережелерімен толық танысуы қажет.


Бейне нұсқаулыққа сілтеме: https://ruqsat.qoldau.kz/ru/ruqsat/call-center Электронды рұқсат алу бойынша кеңестерді мына сілтеме бойынша алуға болады: https://ruqsat.qoldau.kz/ru/ruqsat/call-center Техникалық қиындықтар мен ақаулар туындаған жағдайда +7 (7172) 55-29-81 байланыс номеріне немесе info@qoldau.kz электронды поштасына хат жазуға болады.

Рекомендовать
Последние новости