Бұл ұтыс ойындарына вакцинациялау пункттерінің бәрі қатысады: медициналық мекемелер, СОО/СҮ. Ұтыс ойынына қатысу автоматты, арнайы құжат толтырып, тіркелудің қажеті жоқ.
Екі iPhone 12-нің төртінші ұтыс ойынының жеңімпаздары: № 12016 – Күлшара Ибраева және № 6159 – Бекзат Өтеуов;
"Sulpak" дүкенінің тоңазытқышын жеңіп алды: № 8998 – Валентина Ясневская;
"Sulpak" дүкенінің теледидары: № 89 – Зулхия Шакубаева;
"Sulpak" дүкенінің микротолқынды пеші №12902 – Нұралин Рүстем.
Қала әкімдігі демеушілер есебінен бағалы сыйлықтардың ұтыс ойындарын апта сайын өткізеді. Енді 28 шілдеден 6 тамызға дейін (қоса алғанда) вакцинацияланғандардың арасында тағы үш iPhone12 ойнатылады. Аталған ұтыс ойынына "Абу Даби Плаза", "Керуен", "Сарыарқа" сауда ойын-сауық орталықтарында және оларға бекітілген БМСК ұйымдарында – №2, 9 және 14 қалалық емханаларда вакцинацияланған адамдар қатысады. Бұл ұтыс ойынының тікелей эфирі 7 тамызда өтеді.
IPhone12 және басқа да құнды сыйлықтардың ұтыс ойынын әкімдік апта сайын — жаздың соңына дейін өткізеді.
Birge платформасында ұтыс ойынының жеңімпаздарын анықтау үшін арнайы рандомайзер сервисі орнатылған, ол жүлде иелерін вакцинацияланғандардың ID нөмірі арқылы таңдайды. Оны әзірлеуге IT-қауымдастық та қатысты. Вакциналанғандар бойынша сервис ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесімен біріктірілген.
Айта кетейік, елордада азаматтарды вакцинациялауға ынталандыру үшін бағалы сыйлықтар ойнатылады. Вакцинацияланғандар арасында екі бөлмелі пәтер де ойнатылады. Осы жылдың 25 маусымы мен 31 тамызы аралығында вакцинаның бірінші компонентін алған 18 жастан асқан қала тұрғындарының елордада жылжымайтын мүлікті ұтып алу мүмкіндігі бар. Бұл ұтыс ойынына вакцинацияның барлық пункті қатысады: медициналық мекемелер, СОО-лар және сауда үйлері. Айта кету керек, ұтыс ойындары демеушілердің көмегімен өткізіледі.
Сондай-ақ "MEGA Silk Way" СОО вакцинация пунктінде бірінші компонентпен вакциналанғандар арасында автокөліктің ұтыс ойыны өтетін хабарлады.
Елордада өткізілетін ұтыс ойындары азаматтарды екпе алуға ынталандыру, осылайша өз денсаулығын да, жақын және айналасындағы адамдардың денсаулығын сақтау үшін ұйымдастырылады. Себебі, басты мақсат — ұжымдық иммунитетті дамыту және карантинге дейінгі режимге оралу. Ұжымдық иммунитеттің үлесі 60%-дан асуы керек.