Елордада көру қабілеті нашар балаларға арналған мектеп пен балабақша ашылды

Dalanews 05 июл. 2021 14:34 1232

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында қала күні қарсаңында көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мамандандырылған балабақша мен мектеп ашылғанын, сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қалада ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған оңалту орталықтарының желісі кеңейтіліп жатқанын мәлім етті.

Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

«Елорда күні қарсаңында бірнеше әлеуметтік нысан ашылды. Олардың арасында көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мамандандырылған балабақша (Сарыарқа ауданы, Кенесары көшесі, 9/1). Балалар бұл мекемеге бара бастады.

Балабақшада тәрбиешілермен қатар медицина қызметкерлері де бар. Бұл баланың физикалық, психикалық даму ерекшеліктерін, жеке мүмкіндіктері мен қабілеттерін ескере отырып, бүлдіршіннің жеке басын жан-жақты қалыптастыру, балаларды мектепте оқытуға дайындығын қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек. Мекемеде физиотерапия, логопед-дефектолог, офтальмолог және т.б. кабинеттер бар.



Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қалада ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған оңалту орталықтары желісін кеңейтудеміз.



Мысалы, өткен жылы №1 қалалық балалар ауруханасы базасында Тұңғыш Президент Қоры мен «Самұрық-Қазына» қолдауымен ашылған «Қамқорлық» оңалту орталығы ашылды.



Сондай-ақ, «Асыл Мирас», «Erekshe balalar», «Орда» аутизм орталығы, инклюзия кабинеттері сияқты бірқатар ірі Оңалту орталығы қолдау тауып, ашылды.



Оңалту орталықтарын жаңа тұрғын үй кешендерінің 1 қабаттарында да ашамыз. Паралимпиадалық жаттығу орталығымен бірлесіп Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт кешенін саламыз.

Сонымен қатар, оқу орындарының құрылысына да назар аударамыз. Мысалы, Алматы ауданында 2400 орындық мектеп салынып, ашылуға дайын (екі ауысымда; Майқайың – А 351 көшесінің қиылысы). Оқу орнында инклюзия,«Абайтану», «STEM», «Интеллектум» кабинеттері және бейнесабақтарды түсіруге арналған студия бар. Бұл балалардың жан-жақты дамуына мүмкіндік береді.

Биыл барлығы 15 мектеп саламыз — бұл 40 мыңнан астам жаңа оқушы орны. Салыстырмалы түрде алсақ, 2020 жылдан 2 есе, ал 2019 жылдан 4 есе көп.


Елордада алдағы 5 жылға 67 мектептің құрылысы жоспарланып отыр. Оқу орындарының құрылысына да жеке инвестициялар жұмылдырылады», — деп жазды елорда әкімі.

Рекомендовать
Последние новости