Елордада жол жабылады: жүргізушілерге бағытты алдын ала жоспарлау ескертілді

Ақтоты Жапатова 29 апр. 2025 11:00 168

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Ш.Бейсекова және Н.Тілендиев даңғылдарының қиылысында екі деңгейлі жол айрығын салады. Сол себепті аталмыш көшелердің қиылысы толық жабылады,– деп хабарлайды Dalanews.kz

Осыған байланысты қозғалыс екі бағытта да 6 жолақты жүру арқылы уақытша жолда ұйымдастырылады.

Жұмыстар осы жылдың 1 мамырынан 1 тамызына дейін жүргізілетін болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.


Рекомендовать
Последние новости