Елорда әкімі: "Биыл 8 мыңға жуық үлескердің мәселесін шешеміз"

Dalanews 13 февр. 2020 03:34 741

2020 жылы елордада құрылысы ұзаққа созылған нысандардың саны 20-ға төмендеп, 7800 үлескер пәтерлеріне қол жеткізіп, үй құжаттарын рәсімдей алатынын Нұр-Сұлтан қаласы әкімі өзінің жылдық есеп беру жиынында айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz ақпарат агенттігі.

Халықпен есепті кездесуінде елорда әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді.

– Біз үлестік құрылыс объектілерінің әрқайсысына бірнеше қайтара барып, кейбір үйлерде қосалқы сату фактілері бар екенін анықтадық.Компаниялар техникалық қабаттар мен паркингтерді құрылыс салушылар пәтер ретінде сатқан. Дәл осы мәселеге байланысты нақты іс-шаралар жоспары әзірледік. Бүгінгі таңда қалада 12,5 мыңнан астам үлескер бар, бұл 42 нысан. 20 үйді осы жылы тапсырамыз, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есе көп. 2019 жылы 10 тұрғын үй кешені пайдалануға берілді – бұл 2,5 мың үлескер, – деді қала әкімі Алтай Көлгінов. 


Бүгінде Нұр-Сұлтанда «Территория комфорта – 1» тұрғын үй кешенін сүру жұмыстары басталды, үй 2004 жылдан бастап салына бастаған. Үйді техникалық тексеру ғимарат апатты жағдайда екенін көрсетті. Бұрынғы құрылыс компаниясы техникалық нормаларға сәйкес келмейтін бетон маркасын қолданғаны мәлім болды.

Осы үйді аяқтау үшін инвестор анықталып, «Алтын шар» мен «Бағыстан» тұрғын үй кешендерінің құрылысы қайта басталтын болды. Ал «Шығыс» тұрғын үй кешенінде 8 тұрғын үй тобы бар, 3 топ бойынша құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2 топ бойынша – ЖСҚ әзірлеу, қалғандары бойынша – қаржы моделін әзірленіп жатыр.

№3 полигонда «Жағалау» тұрғын үй кешенінің құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілсе, №4 полигон бойынша инвестордың банктік кепілдігін алуы күтілуде.

Үлестік құрылыстағы негізгі мәселелер ретінде міндетін дұрыс атқармаған құрылыс салушылармен және пайшылардың арасындағы сот болып тұр. Мәселен жобалық-сметалық құжаттаманың және сараптаманың, қаржылық және техникалық аудиттің болмауы істі тығырыққа тіреген.


Проблемалық нысандарды аяқтау үшін «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер енгізілді, 13 нысан бойынша мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды, 19 нысан бойынша әзірлеу және түзету жүргізілуде, 26 нысан бойынша қаржы және техникалық аудит жүргізілсе, 12 нысан бойынша қаржы моделі әзірленді.

Рекомендовать
Последние новости