Еліміздің діни саясатында соңғы кездегі оқиғалар қаперге алынуы тиіс - сарапшы

Dalanews 28 июл. 2022 11:30 822

Елімізге дінаралық диалогты күшейте түскен дұрыс. Әлемдегі ахуалды ескеріп, діни жанжалға жол бермеудің қамын қазірден ойластырғанымыз абзал.

Dalanews-ке сөй деп пікір білдірген Діни ахуалды талдау және мониторинг департаментінің директоры Талғат Жақияновтың айтуынша бүгіндері дінді саяси құрал ретінде пайдалану үрдісі етек алған.

«Әлемдегі кикілжіңдер Қазақстанға да салқынын тигізбей тұрмайды. Әлемдік қауымдастықтың мүшесі ретінде біздің ел мұндай конфликтілерге бей-жай қарамауы тиіс. Алыстағы Израиль мен Палестинаның арасындағы дау бізге де сабақ болуы қажет. Дінді саяси құрал ретінде пайдалану, дінді саясиландыру орны толмас өкінішке алып келеді.

Саясаткерлер арасындағы қайшылықтың дінге өтпеу кетпеуін назарда ұстауға міндеттеміз. Себебі, мұндай қақтығыс діни салаға араласса, мұның соңы ауыр зардаптарға әкеп соқтыруы мүмкін», – дейді сарапшы.

Жақияновтың атап өткеніндей бүгіндері діни диалог арқылы екі тарапқа да тиімді пәтуаға келу қиындап тұр. Айталық, АҚШ пен Батыс елдерінде исламға қарсы қозғалыстардың саны көбейіп келеді. Ал діндер арасындағы алауыздық саяси жанжалға қарағанда әлдеқайда қауіпті.

«Қазақстанды мысалға алар болсақ, діни қақтығыс деген біздің азаматтардың табиғатында жоқ, мұны саясиландыру мүдделері ғана бар. Жаман дін жоқ, жаман ұлт жоқ, осыны түсінуге тиіспіз. Қазіргі күні провослав әлемінің қырықпышақ қырқысып жатқанына куә болып отырмыз. Ресей мен Украинаның арасындағы жанжал дінге де теріс әсер етуде. Украин шіркеуі Мәскеуден бөлініп шықты. Осының барлығы православ қауымдастығының санасына теріс ықпалын тигізіп, діни диалогты дағдарысқа тіреуде», – деді маман.

Жақияновтың атап өткеніндей еліміздің діни саясатында соңғы жылдары орын алған оқиғалар назарға алынуы тиіс. Қазақстанның, Орта Азияның қауіпсіздігі діни саясатқа сергек қараудан басталады.

Маманның пікірінше, діни бағытта сауатты саясат жүргізгеннің арқасында еліміздің Ислам әлеміндегі беделі артып келеді.


“Біздің үнімізді, пікірімізді, көзқарасымызды ислам дінінің діңгегі саналатын көптеген елдер қолдайтын дәрежеге жеттік.

Айталық, ТМД кеңістігіндегі дін мәселесімен байланысты ауқымды жиын, маңызды мәжілістерге мұсылман елдерінің басшыларын шақыру үшін Қазақстанды араға салады. Былайша айтқанда, біздің ел өркениеттер арасында діни диалогқа дәнекер болып отыр. Бізге осы потенциалымызды жоғалтпау маңызды. Діннің жасампаз потенциалын пайдалануымыз қажет. Ұлтаралық татулықты сөз өткенде діни саясатты шетке ысыруға болмайды», – дейді сарапшы.

Рекомендовать
Последние новости