Елімізде отбасылық зорлық-зомбылық мәселесі үдеп тұр

Dalanews 09 окт. 2023 06:13 1364

 Ресми статистика бойынша елімізде жыл сайын отбасындағы зорлық-зомбылықтан көз жұматын әйелдер саны жыл сайын орта есеппен 400 адамнан асады.Жоғарыда аталған статисканы  ескере отыра, әл-Фараби атындағы  заң факультеті Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы,конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының 3 курс студенттері   16 Тұрақты даму мақсаттары  аясында дөңгелек үстел өткізген болатын.

Бұл ресми статистика, ал бейресми одан да көп болуы мүмкін. Тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемалары қоғам үшін өзекті мәселеге айналды. Еліміздің Президенті былтырғы Жолдауында әйелдерге қарсы тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатуды міндеттеді. Осы орайда балалар құқығын қорғау және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл басым болуы қажет. Қазіргі кезде Мәжілісте «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заң жобалары қаралып жатқанын баршаға мәлім.Дөңгелек үстел барысында студенттер ойын ашық жеткізді:

-Қолданыстағы заңға сәйкес, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бермеуге жауапты уәкілетті орган жоқ. Сол себепті бұл бағыттағы жұмыс шашыраңқы жүріп жатыр. Осыған байланысты, азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету және отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылдың тиімді тетіктерін әзірлеу қажеттігін айтып өтті.

-Отбасындағы зорлықтың сан түрі бар. Ол тіпті отбасын құрған сәтте де басталуы мүмкін. Мысалы,БҰҰ бойынша Орталық Азияда қыздың өз еркінен тыс, келісімінсіз алып қашу фактілері жиі кездесетіні айтылады. Көршілес Қырғызстан бұл қылмыстан көш бастап тұр. Қазақстанда да бұл фактілер бар. Тіпті өмірге ұл бала келмегені үшін, тамақтың дәмсіз болғаны үшін, ерте ұйқыдан тұрмағаны үшін де жарына зорлық көрсететін отбасылар бар. Бұл тым қарапайым тақырып болуы мүмкін, бірақ оның артында тағдырлар жатыр.

-Зорлық зомбылық жасауға бірнеше негізгі себептер бар. Ең қарапайымдары –  ішімдікке, нашақорлыққа, құмар ойындарға тәуелділік зорлық-зомбылыққа итермелейді. Алайда, статистикаға сәйкес  отбасылық жанжалдарға  басқа да себептер әсер етіп жатады.


Дөңгелек үстел барысында барлық студенттер тыңдалып,ой бөлісіп,пікір алмастық.Сөз соңында айтпағым,Қазақстан әлемнің өркениетті елдері іспеттес, дамудың даңғыл жолына түсуді мақсат еткен мемлекет. Ол үшін түрлі заңнамаларды жетілдіру мен әрқашан ізденіс үстінде болу маңызды. Дамыған мемлекеттер үшін ең маңызды құндылық адам болып табылады. Оның ішінде адамның білім алу, денсаулығын күту, өзін дамыту мен бақытты болуына тиісті факторлар ескерілуі тиіс. Ол отбасылық зорлық-зомбылықты азайтуға да тікелей байланысты.

 

             Мереке Арай


әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультеті 


Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы,конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының оқытушысы


 

Рекомендовать
Последние новости