Елімізде әйелдер үшін жатыр мен сүт бездерін тегін тексеру бағдарламасы жұмыс істейді

Dalanews 11 апр. 2022 06:44 1014

Медицина ғылымдарының докторы Надежда Мизинова талай ананың өмірге нәресте әкелуіне көмектескен тәжірибелі акушер маман. Оның ал адамдарды бақытты етіп, балаларға жарық дүние сыйлайтын осы бір iспен айналысып жүргеніне 60 жылдан асқан. Надежда апаның ойынша, әрбір әйел кем дегенде үш баланы дүниеге әкелуi тиiс екен. «Жасын келген сайын жаныңда өзiннiн туған адамдардың, немере-шеберелеріннің көп болғаны маңызд» дейді апаймыз. Надежда Мизинованын өзі өмірге екі бала әкелген, қазір төрт немере мен төрт шөбере сүйіп отырған ардақты әже болды. Үлкен қызы – математик, осы Алматыда тұрады, екiншi кызы онколог-дәрігер, қазір Мәскеуде тұрады екен.

Айтпақшы, үлкен қызының да дәрігер мамандығы бойынша білімі бар, сонда бұл отбасын дәрігерлер отбасы деп айтуға толық негіз бар. «Өзім туа алмаған балаларды менің жетекшілігіммен ғылыми дәрежелерін қорғаған 25 ғылым кандидаттары мен докторлары дүниеге әкелді. Шәкірттерімнің көбі қазір Қазақстанның өзге қалалары мен ТМД елдерінде жүр, жетеуі әлі де менің жанымда – Алматыда акушерлік іспен гинекология саласында жұмыс істеп жүр. Жиі хабарласып тұрамыз, олар мені ешқашан ұмытқан емес. Міне, менің осындай үлкен отбасым бар» дейді қарт маман.

Әрине, әйелдің басты арманы – отбасы мен жұмысын қатар алып жүру, алайда Надежда апа қызметтік карьераның жолында өмірге бала әкелуден бас тартатын әйелдерді мүлдем құптамайды.

Өйткені Надежда Мизинованың өзі өмірге ұрпақ әкелгенін өмірінің басты жетістігі санайды. Ол ана мен әже атануды өмірдегі үлкен бақыт деп кабылдайды. 85 жаска келсе де сүйікті ісімен айналысып, нәрестелердің жарық дүниенің есiгiн ашуына көмектесетін Надежда апамен сұхбаттасудын сәті түсті.

*              *              *

– Надежда апа, сіздің кәсіби жолыңызда ұзақ жасауыңыздынң сыры неде?

– Америкадағы бiр миллионер өзіне-өзі «бай болу үшін не керек?» деген сұрақ қойыпты. Сосын өзі бұл сұраққа «жетістікке жеткізе алатын кәсібіңнің болуы» деген жауап тауыпты. Сол себепті ол баршамызға «өзіңiз қалайтын іспен айналысыңыз» деген кеңес береді.

Ал мен өз жұмысымды, өз пациенттерiм мен студенттерiмдi жақсы көремін, оларға дәрісті үлкен ынтызарлықпен оқимын. Жұмыстан қолым босай қалғанда бассейнге барып суда жүзуге, саяхатқа аттанып, тауға шығуға тырысамын. Табиғатпен сырласу бойыңа қуат беріп, жаныңды бір жадыратып, тазалап алуға көмектеседі.

Ұзақ жасау қанымда бар десем де болады, менiн шешем 103 жыл жасаған, өмірінің соңына дейін сап-сау, дені түзу болды. Тек ажалына екі ай ғана қалғанда инфаркт болмаса, оған дейін мүлдем ауырған емес.

– Сiз дәрігерлер отбасынан шықтыңыз ба?

– Жоқ, бiздiң отбасымызда мен алғашқы дәрігермін. Менің дәрігер болуымды әкем қалаған еді, өзім бастапқыда дәрігер болуды емес, халықаралық қатынастар институтына түсуді армандадым. Бiрақ соғыстан кейінгі жылдары ол жерге тек ер адамдарды ғана оқуга қабылдайтын, сол себепті 1945 жылы мектепті бітіре сала Саратов мемлекеттік университетінің медициналық факультетіне оқуға түстім.

Орынға талас күшті еді, бір орынға 10 адам таластық, негізінен соғысқа қатысқандарға басымдық берілетін. Мен мектепті алтын медальмен бітіргеніме қарамастан, жұртпен бірге ортақ емтихан тапсыруыма тура келді.

Бiрақ ол жерде екi-ақ жыл оқып, кейін Молотов атындағы Қазақ мемлекеттік медициналық университетіне ауыстым.

Өйткені соғыстан кейiн әкемді «Түркістан-Сібір» темір жолының бастығы етiп Алматыға жіберген еді. Саратовта қанша қалғым келсе де, сол бiр қиын жылдары ата-анасыз ұзақ тұру киын болатын.

Әке-шешемнiң Алматыдағы үйіне келгенде ең алғаш көргенім – аулада тау болып алма үйіліп жататын. Сол бiр қызыл апорттын иiсi мен дәмін әлі ұмыта алар емеспін. Өз ғұмырымда талай қалаларды шарласам да, мен үшін дәл Алматыдай әсем қала жоқ.

Өзiмнiң студенттік шағым мен казiргi күндi салыстырсам, менiн алматылық курстастарымнын арасында орыс тiлiн нашар білетін балалар көп болды, оқу тек күндіз ғана жүретін. Бiрақ алыс ауылдардан келген ұл-қыздар орыс тілін меңгеруге қатты тырысып, институт бітіргеннен кейін тілді еркін меңгерiп қана қоймай, керемет білікті маман болып шығатын, олардың кейбiрi тiптi танымал ғалым атанды.

– Сіздің тәжірибеңізде ауыр жағдайлар көп болды ма?

– Мен институт бітіргеннен кейін Қазақ мемлекеттік университетінің акушерлік және гинекология кафедрасына келдім. Ол кезде, 50-жылдары кафедраның базасы Алматыдағы жалғыз перзентхана – №1 перзентхана болатын. Онда 14 жыл жұмыс істедім, небір ауыр жағдайлар болды, бiрақ көбінде дәрігерлер барын салып, бақытты аналар нәрестелерін құшағына ораған күйі үйлеріне оралып жататын.

Кейде науқастардың қайтыс болу оқиғасы да болатын. Өйткені мұнда әйелдер тек босану үшiн ғана келмейтiн, жатырдан тыс жүкті болған әйелдер, түрлі ісіктері бар әйелдер де келетін.

Кейде «Жедел жәрдем» менi алып кету үшін бір түнде үш төрт рет келетін. Акушерлік жұмыста өте қиын жағдайлар көп кездеседі, сол үшін менің өмірім үнемі алаңдаумен өтті.

– Батыста денсаулық өте жоғары бағаланады екен, бізде қалай?

– Өйткені ол жақтың әйелдері денсаулығың болмаса, өзіне жайлы өмір қамтамасыз ете алмайтынынды жақсы түсінеді. Ал бізде денсаулықты ұмытып, карьера қууға әуес. Неге бұлай екенін түсіндіру қиын, бірақ менің ойымша, елiмiзде салауатты өмір салтын насихаттау жоғары деңгейде жүргізілуде.

Қазір тіпті белгілі бір жастағы әйелдер үшін жатыр мен сүт бездерін тегін тексеру бағдарламасы жұмыс істейді. Осылайша, кеселдер ерте анықталады, алайда денсаулығын тексерту үшін өз бетімен, өз еркімен келетін әйелдер аз. Менi алаңдататын тағы бір мәселе қазір деңгейі жоғары емес медициналық орталықтар қаптап кетті.

Мұның себебі медициналық қызметті табыс көзі көріп, ақшаның жетегіне еруде жатқан сыңайлы. Атақты хирург Амосов айтқандай, дәрігерлерге рақмет ретінде тiптi орап кәмпитте сыйлауға болмайды. Өйткені осылайша, пациенттер дәрігер бәріне бірдей көмек көрсетпейді деп ойлап қалады. Менің пікірімше, мемлекет дәрігерлер мен мұғалімдерді толық қамтамасыз етуi тиiс. Өйткені мұндай мамандық иелерi материалдық тұрғыдан ешкімге тәуелді болмауы тиiс.

– Қазір өзі баланы карьера құрып болғаннан кейін, кеш туу сәнге айналғандай. Бұл дұрыс па?

– Ең алдымен, тағы да аборттың зияны жайында айта кетейін. Көптеген гинекологиялық кеселдердің себебі осы аборт жасатудан туындайды. Иә, қазір жасы 40-тан асқанда бала туатын әйелдер көбеюде.

Негізі, ең алғашқы жүктілік пен босану 23-24 жаста болғаны дұрыс, екіншісі 27-28 жаста. Ал 18 жастан төмен және 35 жастан асқанда алғаш босанғандар арасында түрлі асқынулар мен аурулардың үлесi жиiлейдi.

Жалпы, қазіргі жас әйелдеріміздің денсаулығы керемет емес. «Дені сау ана дені сау бала» деген ұранның пайда болғаны тегін емес. Әйелдердің төрттен бір бөлігінің ғана дені сау деуге болады, көбі гинекологиялық ауруларға себеп болатын кеселдерге шалдыққан.

Бiзге кейде үш-төрт аборт жасатқан, бүйрегі ауыратын, қаны аз әйелдерде келеді. Мұндай жағдайда босанудың соңы түрлі асқынуларға әкеп соғып жатады.

– Әңгімеңізге рахмет!

Рекомендовать
Последние новости