Елбасы мақаласы. Тарихи сана мемлекет негізі

Dalanews 20 нояб. 2018 15:39 753

Бүгін «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы – ұлт рухының айрықша салтанат құруына негіз болған ерекше оқиға!

Желмен жарысқан жүйрікті қолға үйретуімен ата-бабаларымыздың адамзат өркениетіне үлес қосқаны белгілі.

Жылқы мінезді жұрттың мінезін, өмірінің әрбір белесін, тұлғаның қалыптасу кезеңдерін жылқымен қатыстыра суреттеуі – бұл құбылыстың дүниетанымымызға қаншалықты сіңісті болғанына дәлел.

«Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деген Ахмет Байтұрсынұлы. Яғни, сөзінің мәніне бойлаған ел өзінің болмысын танымақ. Сондығымен де, осы мақаланың меңзері алыс, мәні терең.

Ұлттық код, генетикалық жадыңның бір ұшығы, қордалы қоры осында жатыр. Дәлелге тартсақ, мысалда қисап жоқ. Дегенмен, еске түскен бірен-саран тіркестерді тізіп көрсек.

Тарихи сана қалыптаспай, мемлекетшілдік сана орнықпасы белгілі. Ал тарихи сананың тұғыры қашанда ұлттық болмыстан.

Әлемдік өркениет көшіне ұлттық сипатыңды сақтай отыра ілесу Елбасы мақаласының негізі өзегі деп түсіндік. Осындай игі бастамаға атсалысу – әрқайсымызға қастерлі міндет.

 

Оразхан Арыстанбаев, Арыс қаласының «Құрметті азаматы».

Рекомендовать
Последние новости