Ел күтпеген спорт түрлерінен жүлдері орын алған спортшылар Алматыға келді

Көркем Алдабергенова 07 авг. 2024 09:22 1941

Тарихи жүлде алған мергендер Ислам Сәтпаев пен Александра Ле мен гимнаст Құрбанов елге оралды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оларды алматылықтар әуежайдан күтіп алды. 


Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметінен 

Нариман Құрбанов Париж Олимпиадасында спорттық гимнастиканың ат снарядындағы жаттығуда күміс жүлдеге қол жеткізді. 

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметінен 

Қазақстандық Нариман Курбанов жаттығуды ең бірінші болып орындап, 15.433 ұпай алды. Ол базалық қиындығы 6.7-ге тең жаттығуды сәтті орындап шықты. 


Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметінен 

Ал 27 шілдеде Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы медаль түсті. Қазақстандық мергендер Ислам Сәтпаев пен Александра Ле Олимпиаданың қола жүлдесін жеңіп алды.


Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметінен 

Пневматикалық винтовкамен 10 метрге нысана көздеуден аралас командалық сында отандастарымыз Германия құрамасынан айласын асырды.


Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметінен 

Қарсыластарын 17:5 есебімен айқын жеңіп шықты. 


Рекомендовать
Последние новости