ЭКСПО көпірінің құлауына «сварщиктер» кінәлі, метальда гәп жоқ

Dalanews 02 мар. 2017 08:36 805

Өткен жолы Астанадағы ЭКСПО-ның аумағында салынып жатқан аспалы көпір құлап қалған. Ішкі істер министрі Қ.Қасымов осы көпірдің не себепті құлағанын және оған кімдердің кінәлі екенін айтыпты.

Министрдің сөзіне қарағанда көпір салдыр-салақ жүргізілген дәнекерлеу жұмыстарының кесірінен құлап тынған.

– Бұдан бұрын металдан ба деп ойлағанбыз. Тексердік. Темірде ақау жоқ екен. Тек «сварщиктер» дұрыс жұмыс жүргізбеген, – деді Ішкі істер министрі Қ.Қасымов.

Айта кетсек, былтырғы жылдың қарашасында ЭКСПО аумағында ұзындығы 100 метрге жақын аспалы көпір қирап қалған. Бастапқыда «көпір сапасыз темірдің кесірінен құлады. Металды көпір құрылысына сай таңдамаған» деген болжам айтылған-тұғын.

Рекомендовать
Последние новости