Тәуекел Мүсілім «сұлу» емес сымбатты

Dalanews 02 мар. 2017 07:35 1127

Қазақстанның секс-символы саналатын актер Тәуекел Мүсілім желідегі оқырмандарынан өзін «сұлу» деп атамауды өтінді. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Тәуекел «сұлу» сөзінің ер адамдарға қаратылып айтылмайтынын ескерте отырып, оның орнына «сымбатты» сөзін қолдануды ұсынды.

– Менің инстаграмыма жазылып жатқан пікірлердің көбі «сіз сұлусыз» деп жатады. Қазақтың сөз қолдануында ер кісіге қарата сұлу деу сәл әбестік. Ал сымбатты десеңіздер, әңгіме жоқ, – дейді Тәуекел.

Бұл ретте желі оқырмандары Тәуекелдің қазақ тілінде ойын еркін жеткізе алатындай дәрежеге жеткенін байқап қалды. Көпшілік актердің пікірімен келісті.

Рекомендовать
Последние новости