Алматы қаласы Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы Сайран көлін абаттандыру бойынша бас мердігерді мемлекеттік сатып алулардың адал қатысушысы емес деп тану жөнінде сотқа талап-арыз түсірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
“Мердігердің келісімшарт талаптарын уақытылы әрі сапасыз орындауына байланысты Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы "Павлодар өзен порты" акционерлік қоғамын мемлекеттік сатып алулардың адал қатысушысы емес деп тану туралы сотқа талап-арыз берді”, – деп хабарлады әкімдік.
Бастапқыда Сайран көлінің маңындағы аумақты қайта жаңғырту жұмыстары биылғы мамыр айының соңына дейін аяқталуы тиіс болатын. Жобаның құны – 12 млрд теңге. Осы сомаға компаниямен келісімшарт жасалған.
Egov порталындағы мәліметке сәйкес, “Павлодар өзен порты” акционерлік қоғамы “Сан” ЖШС-не тиесілі. Ал оның құрылтайшылары – 41 жастағы Долорес Пшембаева мен 21 жастағы Анетта Сағынбек. Долорес – бұрынғы Мәжіліс депутаты Мейрам Пшембаевтың қызы, сондай-ақ бұрынғы ТЖ вице-министрі Мереке Пшембаевтың жиені.