Экономикалық дамуға индустриялды аймақ ерекше серпін беруде

Dalanews 14 нояб. 2018 15:43 832

Қазығұрт ауданында өнеркәсіп өнімі көлемінің жыл сайын артуына жаңадан  ашылған индустриалдық аймақ айрықша ықпал етіп отырғаны мәлім болды. Мұны аудан әкімі Түркістан қаласында журналистермен кездесуінде мәлім етті.

Бүгінгі таңда «Қазығұрт» индустриялдық аймағы жалпы (13 гектар жерге)  1,9 млрд. теңге болатын 7 жобаға жер телімі берілген. 2018 жылдың қараша айында «Көрік ШҚ» серктестігі құны 589,0 млн. теңге болатын «Алкогольсіз табиғи шырын сусындар шығару» жобасы іске қосты. Бұл жоба 20 адамды тұрақты жұмыспен қамтығанын айта кетуіміз керек.

Тағы 3 жоба 2019 жылдарға іске қосылады деп жоспарлануда. Олар «Асыл бастау KZ» ЖШС  602,7 млн. теңгелік «Құрғақ сүт және сары май шығару» жобасы, «Ақ-ниет 5» ӨК-нің құны 125,0 млн. теңгелік «Темір бетон өнімдері»  жобасы және «КН экспорт 777» ЖШС 112,7 млн. теңгелік «Жиһаз шығару» жобасы.

Бүгінде Қазығұрт ауданында шағын және орта кәсіпкерлік тұрақты түрде дамып келеді.  Дамудың жарқын көрінісі ретінде «Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау» бағдарламасынан тыс жалпы құны 135,0 млн. теңгелік 2 жоба іске қосылғанын айтуға болады. Олар «Қазығұрт айна» ЖШС-ның сұйық шыны өндірісі – 85,0 млн. теңге және «UNIFRUTTI GOLD» ЖШС-ның жемістер мен көкөністерді өңдеу арқылы диеталық пюрелер шығару өндірісі – 50,0 млн. теңге. Аудан көлемінде бүгінгі таңда жұмыс істеп тұрған 18 кәсіпорын бар.

2018 жылдың 10 айында аудандағы өнеркәсіп кәсіпорындарында 5 633,0 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 103,9% құраған.

Рекомендовать
Последние новости