"Екінші рет отаға түстім, хәлім нашар!". Арыстанбек сотқа мұңын шақты

Dalanews 17 апр. 2023 06:45 834

Астанадағы Байқоңыр ауданының сотында өтіп жатқан іс барысында экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы өзін үйқамаққа жіберуді сұраған, деп хабарлады Halyq Uni.

Сотталушының адвокаты Мұстақым Төлеев экс-министрді үйқамаққа жіберуді, сондай-ақ қылмыстық істі тоқтатуды сұрады. Бұрынғы министр адвокатының өтінішін қолдады.

– Қамауда ұстау түріндегі бұлтарпау шарасын үйқамаққа ауыстыруды сұраймыз. Себебі бірнеше күн бұрын маған екінші операция жасалды. Денсаулығым күн сайын нашарлап жатыр. Сондықтан үйқамаққа жіберу дұрыс болады деп санаймын. Адвокаттар айтқандай, бұл – ойдан шығарылған іс, ештеңе дәлелденбеген. Бірде-бір факт жоқ, бірақ біз мына жерде отырмыз, – деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.


Сондай-ақ ол заңсыздықты әрі істі тоқтатуды сұрады.

Айта кетейік, бүгін елордада Арыстанбек Мұхамедиұлы ісі бойынша сот басталды.

Рекомендовать
Последние новости